Қазақ музыкасының мәдени таңбаланған (маркерленген) лексикасы арқылы орыс тілін оқытудың лингвомәдениеттанулық тұғыры

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES861202614

Аннотация

Мақала қазақтың музыкалық дәстүріне тән мәдени маркерленген лекасиканы орыс тілін оқыту контекстінде зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі лингвомәдени жолдарды оқыту үдерісіне енгізу қажеттілігімен айқындалады, бұл студенттердің мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыруға және мәдени шынайылықты терең түсінуге ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты – қазақтың ұлттық музыкасына қатысты мәдени маркерленген лексиканың студенттердің уәждемесіне және орыс тілін меңгеру тиімділігіне әсерін анықтау. Зерттеуде қазақ музыкалық мәдениетінің негізгі ұғымдары – “күй”, “домбыра”, “жырау” сияқты өзге тілдерде тура баламасы жоқ және ұлттық дүниетанымды бейнелейтін лингвомәдени құбылыстар ретінде талданады. Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы, семантикалық және дискурс талдауы, сондай-ақ контент-талдау мен әртүрлі оқу тілдеріндегі студенттерге жүргізілген сауалнама құрайды.Зерттеуге 50 студент қатысты. Зерттеу ғылыми этика қағидаттарына сәйкес жүргізіліп, алынған деректердің шынайылығын және объективтілігін қамтамасыз етті. Нәтижелер қазақ музыкалық дәстүріне тән мәдени маркерленген лексикамен танысу студенттердің оқу уәждемесін айтарлықтай арттыратынын, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытатынын және тілдік мағыналарды терең түсінуге ықпал ететінін көрсетті. Мұндай элементтерді оқу үдерісіне енгізу жағымды эмоциялық ахуал қалыптастырып, орыс тіліндегі лексиканы қабылдауды жеңілдететіні және оқу тиімділігін арттыратыны анықталды. Респонденттердің жауаптарын талдау мәдени айырмашылықтарға қарамастан музыканы қабылдауға қатысты әмбебап эмоциялық кодтардың бар екенін дәлелдеді. Зерттеудің ғылыми маңызы мәдени маркерленген лексиканы көпмәдениетті ортада орыс тілін оқытудың тиімді құралы ретінде негіздеуде жатыр. Жұмыстың практикалық маңызы алынған нәтижелерді мәдени ерекшеліктерді ескеретін орыс тілі бойынша оқу материалдары мен әдістемелерді әзірлеуде пайдалану мүмкіндігінде.

Түйін сөздер: мәдени маркерленген лексика, қазақ музыкалық дәстүрі, лингвомәдениеттану, мәдениетаралық коммуникация, орыс тілін оқыту әдістемесі, этномәдени ерекшелік.

Авторлардың биографиясы

Г. Аркабаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

«Орыс тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының докторанты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: arkabaeva.77@mail.ru )

Ж. Киынова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

филология ғылымдарының докторы, профессор, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: zhanarkiynova@gmail.com )

А. Есетова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы, Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы, Қазақстан, e-mail: esimail5577@gmail.com)

Как цитировать

Аркабаева, Г. ., Киынова, Ж. ., & Есетова, А. (2026). Қазақ музыкасының мәдени таңбаланған (маркерленген) лексикасы арқылы орыс тілін оқытудың лингвомәдениеттанулық тұғыры. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 86(1). https://doi.org/10.26577/JES861202614