Колледж оқытушыларының көшбасшылығын дамытуды өзектендіру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2025856

Аннотация

Қазіргі кезеңде мұғалімнің көшбасшылығы, педагогикалық көшбасшылық педагогикалық тәжірибемен ықпалды көшбасшылықтың әлеуетін пайдаланатын тұжырымдама ретінде өзекті тақырып болып табылады. Педагог-көшбасшылардың қалыптасуы, даму шарттары мен тетіктерін, олардың қоршаған ортаны өзгерту, позитивті шабыттандыру қабілеттерін зерттеу ТжКБ-дағы перспективалық зерттеулер саласы болып табылады.

Мақаланың мақсаты: ТжКБ жүйесін түбегейлі жаңғырту жағдайында колледж оқытушыларында көшбасшылықты (позициялық емес көшбасшылықты) қалыптастыру қажеттілігін зерделеу және сұрақтарға жауап іздеу: ТжКБ жүйесі үшін көшбасшылықтың қандай элементтері өзекті және колледж оқытушыларының көшбасшылық қасиеттерімен қабілеттерін дамытудағы сұраныстары қандай?

Ғылыми маңыздылығы ТжКБ оқытушыларының көшбасшылығын түсінуді негіздеу, даму тұжырымдамасына сәйкес ТжКБ алдындағы жаңасын-қатерлер контекстінде оны дамытуды өзектендіру, кәсіптер жылын жариялау болып табылады. Практикалық маңыздылығы колледж оқытушыларының сауалнама жүргізу, алынған деректерді сандық және сапалықталдау, оқытушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін мазмұнды жобалау бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы көшбасшылықты дамыту қажеттілігін түсінудің эмпирикалық тәжірибесін жинақтауында жатыр.

Зерттеу әдіснамасы таратылған көшбасшылық тұжырымдамасының ұстанымдарына және Хойлдың  кеңейтілген кәсіпқойлық идеясына негізделген. Зерттеу гипотезасын растау үшін бірқатар әдістер қолданылды: талдау, салыстыру, сауалнамалар, деректерді математикалық өңдеу, деректерді түсіндіру және жалпылау.Сауалнамаға Шымкент жәнеАлматы қалаларында 200 колледж оқытушылары қатысты.

Алынған нәтижелер колледж оқытушылары ТжКБ-ның сапалы өзгерістерін қамтамасыз етудегі педагогикалық көшбасшылықтың маңыздылығын айқын және анық түсінеді, көшбасшылықты дамытудағы өз қажеттіліктерімен мақсаттарын біледі деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Жалпы, олар өзбасшыларымен әріптестерінің көшбасшылығын жақсы бағалайды. Алайда, мұғалімдердің көшбасшылығын дамытуға кедергі келтіретін кейбір қиындықтар айтылды. Қызметкерлердің кәсіби еңбегін дұрыс ұйымдастырмау (жұмыс жүктемесі, тұрақты бақылау, стресс), авторитарлық көшбасшылық стилі, мамандандырылған білімнің жетіспеушілігі, жекешектеулері. Осыған байланысты, авторлар кәсіптік іс-әрекеттің ерекшелігін ескере отырып, колледждермен оқытушыларды басқару үшін тәжірибелік-бағдарланған сабақтар бағдарламаларының мазмұнын бөлек ұсынды.

Түйін сөздер: көшбасшылық, көшбасшылық қасиеттер, педагогикалық жаңарту, трансформация, агент, өзгерістер.

Авторлардың биографиясы

А. Керимбекова , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: kerimbekovaakbayan@gmail.com)

К. Есенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD доктор, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы , Қазақстан, email: kamchat_esenova@mail.ru)

А. Башчикулов , ҚР ҰҚК шекара академиясы, Алматы, Қазақстан

ҚР ҰҚК шекара академиясының профессоры (Алматы , Қазақстан, email:   bas.ak-66@mail.ru)

 

Как цитировать

Керимбекова , А., Есенова, К. ., & Башчикулов , А. (2025). Колледж оқытушыларының көшбасшылығын дамытуды өзектендіру. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 85(4). https://doi.org/10.26577/JES2025856