Университеттің инновациялық білім беру экожүйесі мамандарды даярлау сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES86120262Аннотация
Мақала Қазақстанның жетекші университеттерінің бірінде жоғары білім беруді цифрлық жаңғырту және инновациялық дамыту жағдайында инновациялық білім беру экожүйесін қалыптастыру үдерісін талдауға арналған.Зерттеуде білім алушылардың, оқытушылардың және жұмыс берушілердің инновациялық білім беру экожүйесінің негізгі элементтерін қабылдауы, сондай-ақ түлектердің кәсіби, цифрлық және коммуникативтік құзыреттерін қалыптастыруға ықпалы қарастырылды.
Эмпирикалық бөлім әртүрлі білім беру деңгейіндегі білім алушылар, оқытушылар және жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен өткізілген фокус-топтық зерттеулерге негізделген. Сапалық деректерді талдау білім беру ортасына қойылатын ортақ талаптарды, мүдделі тараптардың жекелеген топтарына тән болжамдарын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеуде «students as partners» тәсіліне, тәжірибеге бағытталған оқытуды, тәлімгерлікті, цифрлық құралдар мен кері байланыс үдерісін интеграциялауға, құзыреттерді қалыптастырудағы цифрлық инфрақұрылымның рөліне ерекше назар аударылды.
Зерттеу нәтижелері білім беру тәжірибелерін инновациялық даму міндеттерімен үйлестіруге жоғары сұраныс бар екенін, білім беру үдерісіне қатысушылардың үлес қосуын күшейту қажеттігін және білім беру экожүйесін жобалауда кешенді тәсілді қолданудың маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу қорытындылары университеттің білім беру ортасын жетілдіруге, білім алушылардың құзыреттерін дамытуға және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Түйін сөздер: инновациялық білім беру экожүйесі, цифрлық трансформация, түлектердің құзыреттері, студентке бағдарланған оқыту, құзыреттілік тұғыр, фокус-топтар, тәжірибеге бағытталған оқыту, жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу.








