ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕЛГІЛЕГЕН БАҒЫТТА КЛИМАТТЫҚ ҮРДІСТЕР ЖАЙЛЫ БІЛІМДІ АРТТЫРУ

Авторлар

  • N Shakirova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • A Shakirova І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2019.v59.i2.018
        74 211

Аннотация

Жер шары климатының антропогендік фактор әсерінен өзгерістерге ұшырауы бүкіл адамзаттың алдында тұрған көкейтесті мәселеге айналған. Табиғаттағы қайтымсыз үрдістердің алдын алу үшін адамды ерекшелейтін жоғарғы гуманизм басты бағытта тұруы керек. Мәселенің шешімі болып қоғамдағы гуманистік идея ретінде – тұрақты даму тұжырымдамасын қарастырамыз. Мақалада тұрақты даму тұжырымдамасы белгілеген бағыттар, оның ішінде климаттық сауаттылықты көтеру мәселесі айырықша ашылып, талданады. Бұл климатология саласындағы білімді қажет етеді. Климаттық сауаттылықты арттыру бірқатар себептер бойынша проблемалық тақырып болып табылады. Оларға білім беру мүмкіндіктерін шектейтін бірқатар мәселелер, тақырыптың толыққанды мазмұнының болмауы, соның салдарынан мұғалімдердің өздерінің осы салада құзіреттілігіне сенімсіздігі жатады. Көпшілік үшін климаттағы өзгерістер даулы мәселе. Жалпы климат жайлы ілім физика, химия сияқты нақты ғылым емес, керісінше онда биология, геологияға ұқсас схоластика байқалады. Жаһандық климаттық өзгерістердің адамзат үшін туындатып отырған мәселесін шешуде педагогикалық факторды дамыту маңызды, өйткені білім мазмұны толыққанды болса, бірте-бірте білім беру әдістеріне бағдарлана отырып, тәжірибеге ену арқылы іске асады.
Түйін сөздер: жаһандық климат өзгерісі, тұрақты даму тұжырымдамасы, климаттық сауаттылық, педагогикалық фактор, жобалық ойлау, ноосфералық парадигма.

Жүктелулер

Как цитировать

Shakirova, N., & Shakirova, A. (2019). ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕЛГІЛЕГЕН БАҒЫТТА КЛИМАТТЫҚ ҮРДІСТЕР ЖАЙЛЫ БІЛІМДІ АРТТЫРУ. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 59(2), 172–181. https://doi.org/10.26577/JES.2019.v59.i2.018

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы