Жоғары оқу орындары аудиториясында В. Михайловтың «Ұлы жұт хроникасы» хикаятын талдау

Авторлар

  • G Ainabekova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2019.v60.i3.011
        70 292

Аннотация

Мақалада В. Михайловтың «Хроника великого джута» тақырыбын талдаудың әдістемелік жолдары қарастырылады. Повестің поэтикасы мен проблемасын зерттеу үшін методикалық әдістерді қолдану ұсынылады. «Хроника великого джута» повесін зерттеуде автор бірнеше жобаларды анықтаудан өткізді. Оқыту кезінде студенттер келесідей жобаларды жүзеге асырды: повесть поэтикасының жеке аспектілерін зерттеді (зерттеу жобасы), эссе дайындады (шығармашылық жобалар), инновациялық ойындар жүргізді (ролдік ойын жобалары), доклад дайындады (ақпараттық жобалар), теоретикалық түсініктердің қысқаша сөздігін жасап шықты (тәжірибелік бағыттағы жобалар). В. Михайловтың «Хроника великого джута» повесін оқытуда Қазақстанның тарихи әдебиеттануындағы интеграциялық әдіс те қолданылды. Студенттердің теориялық ұғымдарды жақсы игеріп, оларды әдеби шығарманы талдауда шебер қолдануды меңгермей филологиялық білімдерін дамыту мүмкін емес екені белгілі. Оқу материалдарын каталогтандыру тиімді методикалық әдіс болып табылады және бұл әдіс студенттерге «Хроника великого джута» повесін оқу кезінде теориялық түсініктерді қалыптастыруға көмегін тигізді. Оқыту барысында бағдарламаланған оқыту әдісі сәтті қолданылды – әдеби тезистер жазу, повестің мазмұнына түйіндеме жазу т.б. Эксперимент барысында блог-модульдік оқыту элементтері де пайдаланылды. Барлық оқу материалдары бөлек блоктарға бөлінді: теориялық, практикалық, мәтіндік. Түйін сөздер: әдістемелік тәсілдер, тұлғалық бағдарланған оқыту, ойлауды белсендіру, жобалық әдіс, объектілерді интеграциялау, каталогтандыру, жанрлық құрылым, В. Михайлов, «Хроника великого джута» повесі.

Жүктелулер

Как цитировать

Ainabekova, G. (2019). Жоғары оқу орындары аудиториясында В. Михайловтың «Ұлы жұт хроникасы» хикаятын талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 60(3), 109–116. https://doi.org/10.26577/JES.2019.v60.i3.011

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы