ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ПСИХО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v62.i1.14Аннотация
Мақалада мектептің жаңартылған оқу бағдарламасына психофизиологиялық бейімделуі деңгейін зерттеу бойынша 2 түрлі деңгейдегі білім беру мектептерінен алынған ғылыми жұмыстарының нәтижелері келтірілген. Онтогенездің маңызды кезеңдерінің бірі болып табылатын жасөспірімдердің қарқынды нейрогуморальды өзгерістеріне байланысты бейімделу механизмдерінің күйзелісімен және осы кезеңнің ерекше психологиялық мазмұнымен сипатталады. Жасөспірім кезеңінің ерекшеліктері қоршаған ортаның қолайсыз әсер ету кезінде бейімделу бұзылыстарының даму қаупінің жоғарылауына әкеледі. Оқу жүктемелерінің күшеюі, әсіресе әртүрлі педагогикалық инновациялар жағдайында, жасөспірім ағзаның бейімделу қабілетіне қосымша талаптар қояды. Соңғы жылдары жүргізілген көптеген физиологиялық және гигиеналық зерттеулерде білім беру қызметіне бейімделу процесінде жасөспірімдер денесінің функционалдық жағдайының нашарлауы байқалады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін орындау үшін Алматы қаласындағы №181 жалпы білім беретін мектеппен №176 гимназияның 12-13 жас аралығындағы 56 оқушы тексерілді. Барлық топтарда оқитын жасөспірімдер организмінің морфо-фукциялық жай күйін сандық бағалау бойынша зерттеулермен катар кардиореспираторлық жүйенің функциялық қорын зерттеу өткізілді. Зерттеу нәтижелері Стьюдент өлшемі бойынша вариациялық статистика әдісімен өңделді. Түйін сөздер: психофизиология, жасөспірім, бейімделу, мектеп оқушылары.