Оқушылардың функционалдық сауаттылығы – мәтінмен жұмыс: өзін-өзі тану сабақтарында оқу дағдыларын қолдану мүмкіндіктер
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.13Аннотация
Мақалада өзін-өзі тану сабақтарында дамытуға болатын оқушылардың оқу сауаттылығы
қарастырылады. Қазіргі уақытта оқу сауаттылығы тіл және әдебиеттану курстарында көбірек
айтылады. Бүгінгі оқушылар үшін мәтінмен, электронды мәтіндермен жұмыс жасау дағдылары
маңызды деп саналады. Оларды оқу жетістіктерінің халықаралық PISA, PIRLS сияқты жүйесінде
бағалайды. Мектеп оқушыларының заманауи ұрпағы цифрлық деп аталатындықтан олардың
көбісінде қабылдаудың визуалды коды басым болады, сол үшін педагогтер вербальды-логикалық
ойлауды қалыптастыруда оқушылардың мәтінді оқып түсіну дағдыларын дамытуға баса назар
аударады.
Мақаланың мақсаты – мәтінмен жұмыс жасау арқылы өзін-өзі тану сабақтарындағы құнды-
лықтарды айқындау үшін функционалды сауаттылық феноменін талдау және функционалды оқу
сауаттылығын дамыту техникаларын қолдану мәселесін өзектендіру, ұсыныстар беру.
Оқу сауаттылығы біліктері мәтіннен алынған ақпараттарды қолдану мен олардың
мағынасын түсініп іздеп табуға, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады.
Мақалада өзін-өзі тану сабақтарындағы мәтіннің құндылықтық-мағыналық мазмұнын анықтауға
арналған тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмалардың кейбір түрлері оқушыларды мәтіннің
мағынасын сыныптастарымен бөлісуге, өзінің оқиғасын құрастыруға және соған байланысты
құндылықтарды ажырата алуға үйретеді. Мұндай тапсырмалар оқиға айту өнері, сторителлинг
құрастыру, «Мұғалім сыйы» және шығармашылық жұмыстарды орындауда қолданылуы
мүмкін.
Түйін сөздер: оқу сауаттылығы, өзін-өзі тану құндылықтары, құндылықты бағдарлы оқыту,
өзін-өзі тану сабақтары.