ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСТАРЫ (MOOCS) – БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

Авторлар

  • Y Yerkinay Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
  • U Abdigapbarova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • D Dzhussubaliyeva Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v64.i3.05
        221 309

Аннотация

лайн курстарын (MOOCs – Massive Open Online Courses) қолдану қажеттілігі артып отыр. ЖАОК қазіргі білім беру кеңістігінде өмір бойы үздіксіз білім алуда, ашық және қашықтықтан оқытуда білім берудегі жаңа технология мен жаңа бағыт ретінде маңызды рөл атқарады. Болашақ педагогтердің  цифрлық құзыреттіліктерін дамытуда  жаппай ашық онлайн курстарын дайындау мен қолданудың көптеген мүмкіндіктері бар. Жаппай ашық онлайн курстарының болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытудағы мүмкіндіктерін анықтау, болашақ мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын дамыту зерттеудің мақсаты болып табылады. Егер, біз виртуалды оқыту үдерісінде қашықтықтан оқыту технологиясын және ашық білім беру ресурстарын қолданатын болсақ, онда мұндай жаппай ашық онлайн курстары дидактикалық және цифрлық құзыреттіліктерді дамыту мен қалыптастыруда педагогтер үшін жақсы мүмкіндік болар еді. Зерттеудің нәтижесінде шетелдік әдебиеттерді талдау негізінде жаппай ашық онлайн курстарды дайындау мен қолданудың теориялары қысқаша жинақталып беріледі. Мұның негізінде жаппай ашық онлайн курстарды құрудың элективті курсы ұсынылады. ЖАОК қолдану алдында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» мамандығының 1-4 курс студенттерінен ЖАОК білім беру ресурстарын және цифрлық білімдерін анықтау үшін сауалнама алынды. Сауалнамаға 94 студент қатысты. Студенттердің ЖАОК туралы ақпаратты аз білетіндері анықталды, бірақ олар цифрлық курстарды оқып үйренуге ұмтылатындарын байқатты. Түйін сөздер: цифрлық құзыреттілік, цифрлық  құзыреттілікті дамыту, ашық білім, қашықтықтан оқыту, жаппай ашық онлайн курстары.

Жүктелулер

Как цитировать

Yerkinay, Y., Abdigapbarova, U., & Dzhussubaliyeva, D. (2020). ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСТАРЫ (MOOCS) – БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 64(3), 50–58. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v64.i3.05

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру