ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ (аралық зерттеу)

Авторлар

  • S Bakhisheva М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университет
  • Z Mukhtar Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v64.i3.06
        160 266

Аннотация

Бүгінгі ақпараттық даму жағдайында қашықтан білім берудің маңызы артуда. Оның басты ерекшелігі – ақпараттық технологиялар және білім беру ресурстары арқылы қашықтан білім алуға мүмкіндік береді. Қашықтан білім беруді сапалы ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдарында оқыту платформасы, коммуникациялық байланыс арналары, цифрлық білім беру ресурстары болуы қажет. Студентпен қарым-қатынас ақпараттық-коммуникациялық құралдар арқылы жүргізілетіндіктен, оқытушының цифрлық, әдістемелік ресурстарды меңгеру деңгейі жоғары болуы тиіс. Осыған орай, зерттеу мақсаты білім беру ұйымында қашықтан оқытудағы қолжетімді білім беру ресурстарын талдау және оқытушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін анықтау арқылы қашықтан оқытудың ресурстық-әдістемелік мүмкіндіктерін зерделеу болды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы қашықтан білім беру ұғымдарын нақтылау, қол жетімді білім беру ресурстарына әдістемелік талдау, мұғалімдердің цифрлық ресурстармен жұмыс істеуге дайындық деңгейін және олардың даму жолдарын зерттеумен анықталады. Зерттеу барысында білім беру ұйымының қашықтан оқытудағы қол жетімді білім беру платформалары мен цифрлық ресурстардың тиімділігін зерттеу және сынақтан өткізу нәтижелерін аралық талдау жүргізілді. Зерттеуде жүйелілік, іс-әрекеттік, зерттеушілік, синергетикалық тұрғыдан талдау, эксперимент жүргізу және қорытындыларын жинақтау, салыстыру, рефлексия әдістері қолданылды. 2020 жылдың сәуірі мен қыркүйегінде педагогикалық колледж оқытушыларының цифрлық сауаттылығының өзгеруін бағалау жүргізілді (2020 жылы сәуірде COVID-19 жағдайында карантин енгізілуіне байланысты Қазақстанда жаппай қашықтан білім беру басталғанда және қазіргі 2020/2021 оқу жылының басындағы жағдайы). Зерттеуге БҚО Ж. Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің 52 оқытушысы қатысты. Бұл аралық зерттеу болғандықтан одан арғы жұмыстар тиімді ресурстарды пайдалану, оқытушылардың қашықтан оқыту әдістемесін дамыту жолдарына қатысты жалғасады. Түйін сөздер: қашықтан білім беру, цифрлық ресурстар, педагогтардың цифрлық сауаттылығы, оқыту платформалары.

Жүктелулер

Как цитировать

Bakhisheva, S., & Mukhtar, Z. (2020). ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ (аралық зерттеу). ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 64(3), 59–70. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v64.i3.06

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру