РЕЙТИНГТЕР УНИВЕРСИТЕТ ДАМУЫНЫҢ ИНДИКАТОРЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • G Telebayev Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • S Aralbay Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті http://orcid.org/0000-0002-4714-4744

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.08
        63 52

Аннотация

Мақалада авторлар әлемнің ең беделді университеттерінің білім берудегі сапасын анықтайды. Басты мақсат әлемдік университеттердің арасындағы бәсекелестіктің әртүрлі деңгейдегі өлшемдерін анықтай отырып, еліміздегі университеттердің сапасын мүмкіндігінше осы деңгейге жеткізу. Жоғары оқу орындарының стандарты бойынша кез келген университеттерге қойылып отырған төмендегідей талаптар ғылымның бүгінгі қоғамымызға қаншалықты маңызды және қажет екендігін көрсетеді. Сондықтан да еліміздің білім беру саласы бұл өлшемдерге мойынсұну арқылы ғылыми жетістіктерден әлемдегі өз орнын анықтайды.

Интернеттегі ақпарат көздері арқылы бірнеше рейтингтердің нәтижесін салыстыра отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім берудегі сапасы мен деңгейі бағаланды. Нәтижесінде, Қазақстан жоғары оқу орындарының әлем университеттері арасындағы білім берудегі сапасы мен деңгейі анықталды, сонымен қатар әртүрлі өлшемдер бойынша әлемге танымал жоғары оқу орындары ретінде үздіктер қатарынан көріну үшін университеттердің професор-оқытушылар құрамына тынымсыз еңбек етуге тура келеді. Қазақстан бүгінгі таңда университеттердің білім берудегі даму дәрежесі және оның әлемдік білім беру кеңістігінде интеграциялануы бойынша Ресейден кейінгі екінші орынға ие. Сондай-ақ, осы мәселенің түйінін шешуге авторлар тарапынан идеялар ұсынылады.

Түйін сөздер: рейтинг, білім беру, сапа, университет, оқытушы.

Жүктелулер

Как цитировать

Telebayev, G., & Aralbay, S. (2020). РЕЙТИНГТЕР УНИВЕРСИТЕТ ДАМУЫНЫҢ ИНДИКАТОРЫ РЕТІНДЕ. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 65(4), 92–103. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.08

Шығарылым

Бөлім

Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе