Әлеуметтік және эмоционалдық интеллект: студенттердің төтенше жағдай кезінде әзілкештікке икемділігі

Авторлар

  • N Belessova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • G Nabi Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.02
        115 118

Аннотация

Юмор әр адамның өмірінде маңызды орын алады. Солардың бірі оның копинг-стратегияларға жағымды әсерін қалыптастыру болып табылады. Мақалада адамның әртүрлі жағдайларға деген реакция ретіндегі юмордың барысында туындайтын позитивтік көңіл-күйі, жағымсыз жағдаяттармен күрес барысындағы орны және интеллектімен өзара байланысы қарастырылған.

Юмордың ирония, пародия, сатира, анекдот, каламбур және т.б түрлері қарастырылған. Юморды сезінудің екі түрі бар: когнитивті және эмоционалды. Егер, когнитивті аспект адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге бағытталса, ал эмоционалды аспект тұлғааралық кеңістіктегі жағымды көңіл-күйдің пайда болуына және оның сақталуына ықпал етеді.

Шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінің негізінде юмордың әлеуметтік және эмоционалды интеллектінің ажырамас бөлігі ретіндегі ерекшеліктері мен маңызы талданған.

Сонымен қатар зерттеу барысында 17-22 жас аралығындағы 119 студент қатысқан эмпирикалық зерттеу жүргізілген. Диагностикада Р. Мартин және Г. Лефкурттың «Юморлық қабілетке ие болу шкаласы» (CHS The Coping Humor Scale) әдістемесі қолданылған.

Зерттеу нәтижесінде студенттердің юморды сезіне алуының ТЖ деңгейі анықталып талданған.

Түйін сөздер: әлеуметтік интеллект, эмоционалды интеллект, юмористік қабілеттер, күйзеліс, копинг.

Жүктелулер

Как цитировать

Belessova, N., & Nabi, G. (2020). Әлеуметтік және эмоционалдық интеллект: студенттердің төтенше жағдай кезінде әзілкештікке икемділігі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 65(4), 12–20. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.02

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер