Биологиялық білім беру бағдарламаларында CLIL технологиясын іске асыру

Авторлар

  • K Bakirova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • A Tuktassinova Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.03
        167 138

Аннотация

2015-2020 жылдарға арналған Үш тілді білім беруді дамытудың Жол картасына сәйкес Қазақстан Республикасының көптілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында пән мен тілді ұштастырып оқыту (Content and Language Integrated Learning) қолданылады. CLIL оқыту жүйесі де таңдалған пәндер циклінде, оқу нысанында немесе жалпы жоғары мектепте технологияны қолдану мен одан әрі дамытуға әсер ететін бірқатар факторларға иелік етеді. Әлемдік және қазақстандық тәжірибеде пән мен тілді ұштастырып оқытуды іске асыруға және осы оқытуды іске асыру процесінің өзіне ықпал ететін немесе тежейтін факторлар ерекше назар аудару нысаны болып табылады. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің биологиялық білім беру бағдарламалары базасында осы факторларды зерттеуге, қолданыстағы оқыту үрдісінің оң және теріс ықпалдарын анықтауға және оқыту үдерісінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтауға бағытталған зерттеу жүргізілді. Зерттеу сауалнама әдісімен қорытындыланды. Пәндік-тілдік тұрғыдан ұштастырылған оқыту үдерісіне қатысушылар, яғни ағылшын топтарының оқытушылары мен білім алушылары респонденттер ретінде өздерінің пікірлерін білдірді. Алынған ақпараттар мен зерттеу нәтижелері негізінде мәселені жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы анықталып, пәндік-тілдік тұрғыдан ұштастырылған оқытуды жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды. Алынған мәліметтер сөз болған технология оқытуды жүзеге асыру және оның сапасын одан әрі арттыру құралы ретінде қарастырылуы ықтимал екендігін көрсетті.

Түйін сөздер: пән мен тілді ұштастырып оқыту (CLIL), CLIL факторлары, CLIL іске асыру, сауалнама.

Жүктелулер

Как цитировать

Bakirova, K., & Tuktassinova, A. (2020). Биологиялық білім беру бағдарламаларында CLIL технологиясын іске асыру. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 65(4), 21–34. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.03

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер