Қазақстан университтері арасындағы студенттердің ішкі ұтқырлығы: SWOT талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.05Аннотация
Ішкі академиялық ұтқырлық Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында тәжірибе жүзінде жүзеге асырылады, сонымен қатар бұл 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерінің бірі. Осыған қарамастан, академиялық ұтқырлық мәселелерін білім беру саясатын әзірлеу деңгейінде де, сараптамалық деңгейде де, атап айтқанда, ішкі академиялық ұтқырлықты дамыту аспектілерін зерттеуге жеткіліксіз көңіл бөлінеді. Сондықтан, осы мақаланың мақсаты – жоғары оқу орындарының тәжірибесі мен осы бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін Қазақстандағы ішкі академиялық ұтқырлық процестеріне тікелей қатысқан студенттердің тәжірибесі негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруға SWOT талдау жүргізу. Зерттеуде кейс- стади әдісі қолданылды. Ішкі ұтқырлықты ойдағыдай ұйымдастыру Қазақстандағы икемді, сапалы және бәсекеге қабілетті академиялық ортаны құрудың факторларының бірі бола алады. Жалпы, аймақтық университет студенттері Қазақстандағы қысқа мерзімді ұтқырлық тәжірибесін оң бағалады. Зерттеу нәтижелерін жоғары білім беру саласындағы қызметкерлер мен шешім қабылдаушылар ішкі академиялық ұтқырлық үдерістерін жүзеге асыру тетіктерін құру және дамыту үшін қолдана алады
Түйін сөздер: жоғары білім, кейс-стади, академиялық ұтқырлық, ішкі академиялық ұтқырлық, SWOT-талдау.