Синьцзян жоғары оқу орындарында орыс тілін оқыту әдістемесі және мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.06Аннотация
Мақалада Синьцзян жоғары оқу орындарында (Қытай Халық Республикасы) орыс тілін оқыту мәселесі көтеріледі. Синьцзян жоғары оқу орындарында орыс тілін оқыту әдістемесін қолдануды талдау зерттеудің мақсаты болып табылады. Автордың ойынша, Синьцзян жоғары оқу орындарында орыс тілін оқытудың негізгі мәселелері тәжірибелі және кәсіби білікті оқытушылардың жетіспеушілігі, бағдарламалардың теңгерімсіздігі және бірыңғай әдістеменің жоқтығынан көрінеді. Автор Ресей мен Қытай арасындағы серіктестік пен өзара әрекеттестік қатынастарды дамыту үшін болашақта Қытайда орыс тілінің мамандарының аса қажет екендігін болжамдайды. Зерттеу аясында респонденттерге Синьцзянда орыс тілін оқыту сапасы туралы сұрақ-сауалнама жүргізілген. Сауалнамаға орыс тілін оқып жатқан және оны оқытатын 590 респондент қатысты. Алайда, сауалнаманы тек 487 ғана респондент толтырған, сондықтан талдау таңдамалы түрде көрсетілген. Сауалнама 4 бөлімге бөлінген 18 сұрақтан тұрады. Бірінші бөлім бұл – респондент туралы жалпы мәлімет; екінші бөлім оқу бағдарламасымен байланысты; үшінші бөлім орыс тілін оқытудағы мәселелерді қамтиды; төртінші бөлім – болашақ даму бағыттары және жұмысқа орналастыру. Сабақ беру процесінде мұғалім сапалы және заманауи материалдарды таңдау керек, сонда оқушылар орыс тілінде сөйлеп қана қоймай, мәдениетті де үйренеді.
Түйін сөздер: тілді оқыту әдістемесі, орыс тілі, тілді меңгеру деңгейі, орыс тілін шетел тілі ретінде оқыту, салыстырмалы білім беру, оқыту әдістемелері, Қытай.