Студенттерге көпжақтардың жазық қимасын салуды оқыту процессін құру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.13Аннотация
Зерттеу тақырыбының өзектілігі көпжақтардың қимасын салу есептері құрылыс-сәулет істерінде, машина жасауда, картографияда және ғылым мен техниканың басқа салаларында кеңінен пайдаланылумен анықталады.
Бұл мақалада көпжақтардың қимасын салу есептерін шығару барысында студенттер мен оқушылардың салуды орындаумен қатар планиметрия мен стереометрияның аксомалары мен қасиеттерін қолданатыны, дивергентті және алгоритмдік ойлайтыны, логикалық талдама және дұрыс негіздеме жасайтыны, ой қорытатыны негізделген. Жұмыста зерттеу жүргізуге негіз болатын салудың қарапайым есептері қарастырылған. Құрастырылған есептер дивергентті, алгоритмді ойлуды, кеңістікті елестете білуді қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндіктер ашады.
Болашақ мұғалімдердер даярлығының мазмұндық компоненттерінің жалпы жүйесі болашақ математика пәні мұғалімдерінің мектеп оқушыларына көпжақтардың қимасын салу әдістерін үйрету дайындығының мазмұндық компонентер жүйесіне бейімделді. Болашақ математика мұғалімдерінің мектеп оқушыларына көпжақтардың қималарын салуды үйрету дайындығының қалыптастыру кезеңдері анықталды. Болашақ математика мұғалімдерінің мектеп оқушыларына көпжақтардың қимасын салуды қалыптастыра алу, олардың ойлау қабілеттерін, кеңістіктікте елестете алуын, дивергентті ойлай алуын дамытудың кәсіби дайындығының моделі біртұтас жүйе ретінде құрылды. Модельді апробациялау бойынша эксперименттік-педагогикалық жұмысына 31 студент қатысты - И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің математика пәнінің болашақ мұғалімі.
Түйін сөздер: оқу процесінің кезеңдері, дайындық компоненттері, дивергентті ойлау, кеңістіктікті бейнелеу, көпжақтың қимасы.