Білім саласының жаңа кезеңі: Covid-19-дың Қытайдың білім саласына әкелген өзгерістері

Авторлар

  • B Abylkassymova Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-6087-3407
  • A Slamgazhy Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-3024-4677
  • Zh Bekbauova Орталық ұлттар университеті, Қытай Халық Республикасы, Бейжің қ.
  • K Keldebekov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5888-5532

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.08
        79 90

Аннотация

2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында жаңа коронавирус инфекциясы пайда болып, қоғамның барлық саласына әсерін тигізді. Соның ішінде, білім саласы үлкен өзгеріске ұшырап, оқыту офлайн форматтан жаппай онлайн форматқа ауысты. Зерттеу жұмысы COVID-19-дың ошағына айналып, жаппай онлайн оқытуды алғаш бастаған Қытай Халық Республикасының (ҚХР) пандемия кезіндегі оқыту тәжірибесін зерттеу нысаны етіп алды. Мақаланың мақсаты Қытайдың онлайн оқыту тәжірибесін зерттеу арқылы онлайн оқытудың кемшіліктері мен артықшылықтарына баға беріп, ұтымды тұстарын өз еліміздің тәжірибесіне ұсыну. Зерттеу әдісі ретінде Қытай және шет елдік ғалымдардың ғылыми жұмыстарына талдау жасау әдісі мен салыстыру әдісі қолданылды. COVID-19-дың бірінші толқынында жаппай онлайн білім беруде ҚХР жақсы нәтижеге қол жеткізді. Зерттеушілер онлайн білім жүйесін жаңа деңгейге көтеру керек және онлайн білім берудің методикаларын жетілдіру, интернет пен заманауи технологияны меңгерген оқытушылар санын көбейту, онлайн оқыту үшін және оқу үшін қажетті технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның онлайн оқыту туралы түсінігін кеңейтіп, мүмкіндіктерін дәріптеу қажет деген қорытындыға келді. Түйін сөздер: COVID-19, білім беру, Қытай тәжірибесі, онлайн оқыту, офлайн оқыту, оқыту платформалары

Жүктелулер

Как цитировать

Abylkassymova, B., Slamgazhy, A., Bekbauova, Z., & Keldebekov, K. (2021). Білім саласының жаңа кезеңі: Covid-19-дың Қытайдың білім саласына әкелген өзгерістері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 66(1), 86–95. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.08

Шығарылым

Бөлім

Салыстырмалы білім беру