Журнал саясаты
Қолжазбаны жариялау шарттары
«ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналы жылына 4 рет желілік (электронды) форматта келесідей журнал номерлерінің бекітілген мерзімдерде шығады: бірінші саны ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін, екінші саны - 20 маусымға дейін; үшінші саны - 20 қыркүйекке дейін және төртінші саны - 20 желтоқсанға дейін шығарылады.
«ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналына жариялану үшін автордың бұрын жарияланбаған, журналдың тақырып бағыттарына сәйкесетін және қолжазбаны рәсімдеу талаптары бойынша қатаң рәсімделген қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі мақалалар қабылданады.
Автор ғылыми мақала қолжазбасын журналдың келесі саны шығардан екі ай бұрын, корреспонденция (қолжазбаның авторлық коллективі қатарынан екі не оданда көп авторлар болса.) үшін редакциялық коллегияға тапсырады. Журналға жарияланымға көлемі 3000 сөзден кем емес және 7000 сөзден артық емес (тақырып атауы, авторлар туралы мәліметтер, аннотация, кілт сөздер, библиограциялық тізімді есептемегенде) қолжазба қабыладанады.
Қолжазба мақаланың және авторлардың барлық метадеректерінің көрсетілуімен корреспонденция үшін электронды платформаға жүктелуі тиіс. Бір автордың мақаласы (жеке немесе басқа авторлармен біріге дайындалған) бір күнтізбелік жыл ішінде тек бір рет қана жариялануы мүмкін.
Авторлар редакцияға бұрын басқа жарияланымдарда (басылымдық, электрондық және басқа да ашық дереккөздерде) жарияланбаған бірегей жұмыс тапсыруы қажет. Авторлар зерттеу нәтижелерінің сенімділігіне, жаңа болуына, дәлелдемелілігіне жауапты болып табылады. «ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналының редколлегиясы мен рецентзенттерінің қолжазбаны қарастыру кезеңінде, сонымен бірге оның жариялануынан кейін авторлар аталған мақаланы басқа басылымдарға жариялауға бермеуге міндеттеледі.
Қолжазбамен жұмыс кезеңдерінде редакция мен автор арасындағы коммуникация корреспонденция мен рецензенттертер үшін OJS электронды (онлайн) платформасы арқылы, ал ерекше жағдайларда - электрондық пошта арқылы жүзеге асады.
Журналдың редакциялық коллегиясы автордан/авторлардан келіп түскен қолжазбаларды қарастырады, оларды рецензиялауды ұйымдастырады және оларды жариялау туралы шешім қабылдайды немесе қабылдамайтыны туралы мақаланың келім түскен күнінен бастап екі ай мерзімінде электронды платформа арқылы хабарлайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми журналдарда жариялану үшін журнал сайтында көрсетілген, бекітілген прейскурант бағасына сәйкес журналды жариялануға бекітілген қолжазба авторы(лары) төлем жасауға міндетті болып табылады. Жарияланым үшін төлем түбіртегі pdf форматында автормен(лармен) журнал редакциясының электронды поштасына жіберіледі.
Пайдалану, көшіру және плагиат
«ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» редакция алқасы қолжазбаны формальды талаптарға (қолжазбаның рәсімдеу) сәйкестігін қарастырумен бірге, қолжазбаны плагиатқа тексеру жүйесі арқылы көшіріп алынған мәтіннің бар-жоқтығын тексереді, оған қол жеткізу университет жазылымымен немесе ұлттық жазылым негізінде жүзеге асырылады.
Плагиатқа қарсы жүйенің тексеру нәтижелері бойынша түпнұсқалығы 75% -дан асатын түпнұсқа қолжазбалар және / немесе сол қолжазбалар ғана рецензиялауға жіберіледі. Егер қолжазба журналдың рәсімдеу талаптарына сәйкес келмесе және плагиат тексеруінің нәтижелері бойынша қолжазба түпнұсқа жұмыс болмаса, онда қолжазба хат алмасу үшін авторға журналдың электронды платформасы арқылы редакциялық алқаның қарауына тиісті өзгерістер енгізу және қолжазбаны қайта жолдау үшін қайтарылады.
Егер авторлар қолжазбаны жазу кезінде шығармаларды, мақалаларды, ережелерді немесе басқа зерттеушілердің дәйексөздері мен мәлімдемелерін қолданса, онда міндетті түрде осы ғалымдардың жұмысына сілтеме жасап, дәйексөз мәтінін дұрыс рәсімдеу қажет. Плагиат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымының этикалық кодексінің қағидаларын бұзатын этикаға қайшы әрекет болып табылады және «ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналында қолайсыз.
Баспа үдерісіне қатысушы тұлғалар, әсіресе «ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналының редакциялық алқасының мүшелері ғылыми жарияланымдардың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, жарияланым қызметінде дұрыс емес мәліметтерді пайдалану, деректерді бұрмалау және т.б. сияқты жосықсыз практиканы болдырмау үшін, қоғамның ғылыми жетістіктерді мойындауын қамтамасыз ету үшін халықаралық қоғамдастық пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабылдаған ғылыми этиканың қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын сақтауға, сондай-ақ осындай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаралар қабылдауға міндеттенеді.
«ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналының редакция алқасының мүшелері авторлардың, редакциялық алқа мүшелерінің, рецензенттердің халықаралық қоғамдастық пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабылдаған ғылыми этика қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын бұзбауға міндеттенеді.
Халықаралық қоғамдастық пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабылданған ғылыми этика қағидаттарының, стандарттары мен нормаларының бұзылуы анықталған жағдайда журналдың редакция алқасы "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми журналдарға арналған жарияланым этикасына", Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымының этика кодексіне және жарияланым этикасы комитетінің стандарттарына (СОРЕ) сәйкес әрекет етуге міндеттенеді.
Егер «ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналында жарияланған мақаладан ғылыми этика қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын бұзудың дәлелденетін фактісі(-лері) анықталған жағдайда, редакция алқасы осы мақаланы жарияланған нөмірден және журналдың ресми веб-сайтынан алып тастауға (мақаланы ретракциялауды жүзеге асыруға), автордың(-лардың) ғылыми этика қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын нақты бұзушылықтарын міндетті түрде көрсете отырып, алып қоюға және журналдың кезекті нөмірінде тиісті хабарландыру орналастыруға міндеттенеді.
Ғылыми этика қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын бұзудың дәлелденетін фактісі анықталған мақаланың авторы (авторлары) ғылыми этика қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын бұзу фактісі анықталған күннен бастап күнтізбелік 3 жыл ішінде «ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығарылатын басқа да ғылыми журналдарда мақалалар беруге жол берілмейді.
Рецензиялау үдерісі
Журнал редакциясына келіп түскен қолжазбалар формалды талаптарға, ресімдеу талаптарына және плагиатқа тексеру жүйесі арқылы тексеру негізінде түпнұсқалылық көрсеткішіне сәйкес келетін қолжазбалар одан әрі рецензиялауға міндетті түрде жіберіледі.
Егер қолжазба авторында басқа ғалымдармен мүдделер қақтығысы болса, ол ілеспе хатта осындай мүдделер қайшылығының бар-жоғын көрсетуге міндетті, себебі аталған қолжазбаны көрсетілген ғалымға (рецензентке) жібермеу және қолжазбаны әділетсіз бағаламау үшін.
«ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналындада ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі және рецензияланатын қолжазба тақырыбы бойынша ғылыми мамандануы бар кемінде екі ғалым жүзеге асыратын "екі жақты-соқыр" рецензиялау қолданылады.
Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі: мақала қолжазбасы рецензенттерге авторлар туралы деректерді көрсетпей, журналдың электрондық платформасы арқылы жіберіледі. Рецензенттерден қолжазбаның негізгі ғылыми критерийлерге сәйкестігін, сондай-ақ оның маңыздылық сапасын нақты, объективті және дәлелді бағалау талап етіледі.
Рецензенттерден қорытындылар алғаннан кейін жауапты редактор ескертулерге жауап беру, тиісті өзгерістер енгізу және қолжазбаны электрондық платформа арқылы қайта жіберу үшін авторға рецензенттердің деректерін көрсетпей хат-хабар арқылы жібереді. Автор(-лар) ескертулерге жауаптардан, қолжазбаға өзгерістер енгізуден және оны «ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журнал редакциясына қайта жіберуден түсіндірместен бас тарта алады.
Барлық ескертулерге автор жауап бергеннен кейін рецензенттердің ескертулерін жою үшін қолжазбаға өзгерістер енгізіп және оны журнал редакциясына қайта жібергеннен кейін ғылыми редактор барлық материалдарды рецензентке(-терге) қайта рецензиялау үшін жібереді.
Екі рецензенттің және жауапты редактордың оң қорытындылары бар қолжазба жариялауға қабылдау кезектілігіне сәйкес «ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналында жариялауға ұсынылады. Редакциялық алқа мақұлдаған қолжазбалар журналдың шығуын қалыптастыру үшін жауапты хатшыға беріледі.
Егер рецензенттердің бірі қолжазба бойынша оң, ал екіншісі – теріс қорытынды берген жағдайда, қолжазбаны ғылыми редактор үшінші рецензентке немесе қолжазба тақырыбы бойынша маман болып табылатын редакция алқасы мүшесіне жібереді. Үшінші рецензент немесе редакциялық алқа мүшесі оң қорытынды берген жағдайда қолжазбаны жариялауды қабылдау/қабылдамау туралы түпкілікті шешімді «ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналының ғылыми редакторы қабылдайды.
Екі теріс пікір болған жағдайда қолжазба журналда жарияланудан бас тартылады.
Редакциялық алқа рецензиялау нәтижелері бойынша қабылдамаған мақалалар материалдарын редакциялық алқа өз мақсатында пайдаланбайды. Редактор немесе жауапты хатшы хат-хабар арқылы авторға жариялаудан бас тарту туралы хабарлайды және рецензенттердің қорытындыларын жібереді.
Қолжазбаларға Рецензиялар үш жыл бойы журналдың электронды платформасында электронды форматта сақталады.
Рецензиялау мерзімін мақалаға жауапты редактор тағайындайды және рецензенттердің қолжазбаны қарау мерзімі материалды рецензенттерге жіберген күннен бастап екі айдан аспайды.
Еркін қол жеткізу саясаты және мұрағаттау
«ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналының ресми сайтында оның мазмұнына ашық қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл әлемдік ғылыми қауымдастық ауқымында журналға кеңірек ақпараттық қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ журналдың веб-сайтында авторлар мен оқырмандар үшін журналдың қызметі туралы қажетті ақпарат ұсынылған: жариялау шарттары, қолжазбаларды ресімдеу және журналға ұсыну Ережелері, журналды қалыптастыру және қолжазбаларды рецензиялау тәртібі, жарияланым этикасы, редакция алқасы туралы мәліметтер, ғылыми редактор мен жауапты хатшының байланыс деректері.
Оқырмандар мен авторлар журналдың ағымдағы шығарылымының электрондық нұсқаларымен және өткен кезеңдердегі мұрағаттармен таныса алады. Журналдың электрондық түрдегі барлық жарияланымдары лицензия шарттарында тегін және шектеусіз таратылады.
Оқырмандар мен авторлар журналдың ағымдағы шығарылымының электрондық нұсқаларымен және өткен кезеңдердегі мұрағаттармен таныса алады. Журналдың электронды түрдегі барлық жарияланымдары Creative Commons Attribution License (CC BY-NC 4.0) лицензиясы талаптарында тегін және шектеусіз таратылады.
Авторлық құқық және лицензиялау
«ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журнал мақалаларының авторлары автордың ғылыми жұмысқа құқығын сақтайды және оны Creative Commons Attribution лицензиясы бойынша бір мезгілде лицензиялай отырып, бірінші жариялау құқығын журналға жұмыспен бірге береді.
Қолжазбаның авторлығы қолжазбаны жасауға, ойды қалыптастыруға, мақала жазуға, нәтижелерді түсіндіруге тікелей қатысқан және ғылыми нәтижелерді алуға елеулі үлес қосқан зерттеушілерге тиесілі.
Creative Commons Attribution License лицензиясының шарттары бойынша авторлар өз қолжазбаларына құқықтарын сақтайды, бұл ретте барлығына осы жұмыстың авторлығын міндетті түрде белгілей отырып және осы журналдағы бірегей жарияланымға сілтеме жасай отырып, оларды еркін жүктеуге, қайта пайдалануға, қайта басуға, өзгертуге, таратуға немесе көшіруге рұқсат береді. Журналға сілтеме жасалған кезде осы әрекеттердің барлығына авторлардан немесе баспагерлерден рұқсат талап етілмейді.
Авторлар өз мақалаларын басқа дереккөздерде (мысалы, институционалдық мұрағатта, әлеуметтік желілерде және т.б.) оның осы журналдағы түпнұсқалық жарияланымына міндетті түрде сілтеме жасай отырып тарату құқығын сақтайды.
Құпиялылық шарттары
Авторлар туралы ақпараттық деректер-олардың есімдері, аффилиациясы, байланыс мәліметтері, атқаратын лауазымы мен академиялық дәрежесі туралы мәліметтер, сондай-ақ халықаралық дерекқорлардағы авторлар бейіндерінің сәйкестендіргіштеріне сілтемелер «авторлар туралы мәліметтер» деген бөлімдегі мақалада орналастырылады.
«ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы» журналының редакциялық алқасының мүшелері жарияланғанға дейін қарау үшін қабылданған қолжазба туралы ақпаратты тағайындалған рецензенттерден басқа үшінші тұлғаларға ашпайды. Сондай-ақ редакция авторларға және басқа тұлғаларға рецензенттер туралы мәліметтерді ашпайды.