Педагогтардың инновациялық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру технологиялары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.01Аннотация
Жаңа талаптар заманауи жоғары кәсіби біліктілікті иемденетін педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды бірінші орынға шығарып отыр. Педагогикалық ғылымдар жүйесінде инновациялық іс-әрекетті талдау және зерделеу, жоғары нәтижелерге қол жеткізу, жаңа білім алу, сапалы өзге педагогикалық тәжірибені енгізу мақсатында оқу-тәрбие үдерісін өзгерту және дамыту арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесін ұғынуға негізделген мақсатты педагогикалық қызмет ретінде анықтайды. Педагогикалық іс-әрекетке дайындық педагогтың өмір бойы қалыптасуы мен өзін-өзі дамытуының маңызды аспектісі болып табылады. Ал педагогтың инновациялық дайындығын қалыптастыру дегеніміз – әлемдік бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыратын жаңа парадигманың қоғамды дамытудағы үлесін арттыру; білім беретін оқу орындарындағы инновациялық реформаларды жүзеге асыруды жеделдету; білім беру жүйесінде инновациялық өзгерістерді, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық, коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану.
Мақалада оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру бойынша ғылыми бағыттарға тоқталып, сонымен қатар, жоғары мектеп оқытушысының инновациялық іс-әрекетке даярлығын жетілдіру мен қалыптастыру жолдары ұсынылған. Авторлар танымал педагогтардың ғылыми тұжырымдарына назар аудара отырып, педагогтардың инновациялық іс-әрекетке даярлығының сипатын ұсынады. Сондай-ақ өзіндік зерттеу жұмыстарының қорытындысын ұсынады.
Түйін сөздер: инновация, іс-әрекет, педагогикалық-психологиялық даярлық, инновациялық іс-әрекет.