Мектеп оқулықтарының сапасын анықтаудағы апробация критерийлері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.08
        130 0

Аннотация

Мақалада мектеп оқулықтарының сапасын анықтаудағы кешенді талаптар сөз болады. Жаңартылған үлгілік білім бағдарламасы бойынша дайындалып, орта мектепте қолданылып жүрген оқулықтардың сапасына қойылатын талаптар туралы талдаулар мен тұжырымдар жасау – зерттеудің басты мақсаты.

Мектеп оқулықтарын дайындау үлгілік білім бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Олардың негізгі талаптарға сәйкестікті құзырлы мекемелер тарапынан жүргізілетін сараптамалар арқылы анықталады. Мектеп оқулықтарын сараптамадан өткізу критерийлері қалыптасқан.

Еліміздегі оқулықтану ғылымын дамыту мақсатындағы жұмыстар негізінен мектеп оқулықтарын дайындау бағытында қарқынды дамып келеді. Сол себепті оқулық жазуға қойылатын талаптар да орта білім беру құралдарына негізделген. Оқулық сапасына байланысты дидактикалық, құрылымдық және теориялық талаптарды жүйелеп, олардың басты ерекшеліктері мен міндеттерін айқындау жалпыға жүктелген міндет. Алайда сараптау орталығынан бөлек бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп келе жатқан қоғамдық ұйымдар мен кей белсенділердің пікірі жеке мәселелерді ғана қарастыруда. Осыдан келіп оқулық сапасына қойылатын талаптарды айқындау арнайы әрі жан-жақты зерттеу нәтижелері бойынша анықталуы керектігі білінді. Сол себепті бұл мәселені қарастыру үшін ғылыми жобаны жүзеге асыру барысында зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақалада AP09260158 «Оқу әдебиетін апробациядан өткізу критерийлері жүйесін әзірлеу және енгізудің ғылыми-әдістемелік негіздері» атты ғылыми жоба аясында жүргізілген зерттеулер мен олардың нәтижесі, сондай-ақ теориялық, эмпирикалық талдаулардың оқулық сапасын айқындау талаптарын қалыптастырудағы маңызы тұжырымдалады.

Түйін сөздер: сапа, талап, бағдарлама, эмпирика, эксперимент, дидактика.

Жүктелулер

Как цитировать

Sametova, F., Yussup, P., & Myrzakhanova, F. (2021). Мектеп оқулықтарының сапасын анықтаудағы апробация критерийлері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 69(4), 84–92. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.08

Шығарылым

Бөлім

Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе