«Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша оқыту және оқыту нәтижелерін бағалау әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.016Аннотация
Бұл мақалада авторлар педагогикалық шеберліктің мазмұнын, оның элементтерін ашады.
Авторлар қазіргі заманғы технологиялар, оқыту және тәрбиелеу әдістері негізінде болашақ
мұғалімдер арасында педагогикалық шеберлікті қалыптастыруға ерекше назар аударады,
педагогикалық іс-әрекеттің идеалы және педагогикалық жұмыстың тиімділігін бағалауды
қамтитын стандарт ретінде қарастыруға болады.
Педагогтердің жеке адами және кәсіби қасиеттерінің жиынтығымен көрінетін педагогикалық
шеберлігі, оның жұмысына деген сүйіспеншілік – болашақ маманның даралығын қалыптастыру
шарттары болып табылады. Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері жеке іс-қимыл тәсілін,
мұғалімнің жеке басының негізгі құрылымдарын қалыптастыруды, сондай-ақ педагогикалық
ықпал ету әдістерін ескере отырып қарастырылады.
Білім беруде заманауи саясатты жүзеге асыру жоғары кәсібилікке, шығармашылық әлеуетке
ие, қоғамда жетекші зияткерлік ұстанымдарға ие педагогсіз мүмкін емес. Қазіргі заманғы педагог
білім беру мазмұнының зияткерлік мәнімен, оқыту әдістемесінің жоғары деңгейімен жұмыс
жасай отырып, университетті жаңарту мен дамытуға қатысу дәрежесін ойлайды.
Педагогикалық қызмет ұрпақтардың әлеуметтік сабақтастығын жүзеге асыруға, жастарды
әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосуға ықпал етеді, әлеуметтік тәжірибені игеруде адамның
табиғи мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектеседі
Түйін сөздер: педагогикалық шеберлік, педагогикалық техника, педагогикалық құзыреттілік,
оқытудың жетістігі, бағалау мен өлшемдердің инструментариі, нано-технологиялар.