Спорт факультеті студенттерінің шеттілдік коммуникативтік құзіреттілігін дамытуға арналған кейс стади (тілдік емес ЖОО)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.019
        65 70

Аннотация

Берілген жұмыс спорт факультеті студенттерінің шетел тілін оқыту үдерісінде кәсіби
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту бойынша жүргізілген кейсстадиді қамтиды. Мақалада лингвистикалық емес мамандық студенттерінің (спорт факультеті)
кәсіби коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы айқындалып, оның
құрамдас бөліктері анықталған. Авторлармен кәсіби бағытталған коммуникативтік құзыреттілік
тақырыбына арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне әдеби шолу жасалды.
Мақала мұғалімдердің зерттеуі мен студенттердің тіл үйренудегі тиімді өзгерістерін бақылауға
негізделе отырып жазылған. Студенттердің тілді меңгерудегі тақырыптық бейімділігінің
корреляциясы осы зерттеу аясында жасалды. Спорттық тамақтану тақырыбына сәйкес
студенттерге арналған арнайы бағдарлама зерттеу барысында модельденді. Берілген зерттеу
спорт факультеті студенттеріне шетел тілін оқыту үрдісінің өзіндік ерекшеліктерін ескере
отырып жасалды. Барлық тілдік материалдар түпнұсқа кітаптардан таңдалып алынуы зерттеу
соңында оң нәтижеге қол жеткізуге әсер етті. Арнайы курс сабақ барысында интерактивті
технологиялар қолданылды, бұл өз кезегінде зерттеу соңында студенттердің жоғары үлгеріміне
әсер етті. Мақаланың қолдану мүмкіндігі студенттердің жоғары нәтижелерімен дәлелденді және
спорт факультетінің студенттеріне шет тілін оқытуда одан әрі пайдалануға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: кәсіби коммуникативті құзырет, тілдік емес универстет, шетел тілін оқыту.

Жүктелулер

Как цитировать

Bakytzhan, E., & Zhaitapova, A. (2022). Спорт факультеті студенттерінің шеттілдік коммуникативтік құзіреттілігін дамытуға арналған кейс стади (тілдік емес ЖОО). ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 71(2), 217–223. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.019