Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу немесе оқыту дизайны мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.01
        216 506

Аннотация

Мақалада батыстық білім беру тәжірибесіндегі тұғырлар қазақстандық ерекшеліктермен
салыстырмалы шолу түрінде жүйеленіп беріледі, қазіргі заманғы білім берудегі рефлексияның
мәні мен маңызы сараланады. Авторлар алдарына ХХІ ғасырда нені оқыту керек және мұғалімдер
оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды деген сұрақтарды қоя отырып, ол сұрақтарға
шетелдік алдыңғы қатарлы университеттерде қолданылып жүрген оқулықтарды талдай
отырып жауап беруге тырысады. Бүгінгі таңда білім алушылардың Интернет қорларына деген
қолжетімділігі артып, олардың цифрлық дағдылары дамыған сайын білім алушы оқу барысын
жеке білімін жетілдіруді өз бетінше бақылай алатындай етіп қайта құрастыруымыздың қажеттігі
сөзссіз. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып
білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен талдайтын оқулықтарға шолу жасаған авторлар
ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен, виртуалды шынайылықпен, желілік кеңістікпен,
жасанды интеллект жасаудың дамуымен толығып, өзгеріп отырған педагогика ғылымының жаңа
сатысына біртіндеп көтерілуге қажетті мүмкіндіктер туралы сөз етеді. Зерттеушілер аталмыш
оқулықтардың оқытушылардың, мұғалімдердің, болашақ педагог-студенттердің педагогикалық
ойлау жүйесін өзгертіп, жаңғыртатынына, виртуалды оқыту ресурстарын әзірлеушілер мен
қолданушыларға қызықты да пайдалы бола отырып, жаңаша құрылатын білім беру мазмұнын
дизайндауда, ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу үдерісінде жетекші құралдар рөлін атқара
алатынына сенім білдіреді.
Түйін сөздер: Цифрлық педагогика, интернет қорлары, виртуалды шынайылық, желілік
кеңістік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрлық дағдылар, педагогикалық
дизайн, ашық білім беру қорлары, оқыту дизайны, продюсер ретіндегі студент.

Жүктелулер

Как цитировать

Aitbaeva, A., & Shaigozova, Z. (2022). Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу немесе оқыту дизайны мәселелері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 71(2), 4–12. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.01

Шығарылым

Бөлім

Тарих. Қазіргі білім беру әдістемесі