Қазақстандық патриотизм – жастардың құндылық бағдарының өзегі (қаңтар оқиғасынан кейін жастар тәрбиесіне талдау мен тұжырым)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.014Аннотация
Еліміздегі қаңтар айында болған бейбіт шерудің ақыры қайғылы да қасіретті оқиғаға ұласуы
және оның ішіндегі жастардың болуы, бүлікшілер мен қарақшылық әрекеттердің орын алуы,
олардың аяусыз жазалануы жөнінде жан-жақты зерттеулер жүріп жатыр.
Осы тақырыпты әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан зерттеуді мақсат еткен бұл мақалада
мемлекеттің жастар саясаты мен тәрбиесіне қатысты қазақстандық патриотизмге негіз
болатын құндылыққа бағдарланған қазақстандық мәдениет қалыптастырудың мәселелерін
қаңтар оқиғасынан кейін жан-жақты талдап, тұжырым жасау идеясын басшылыққа алған.
Әлемдегі жастар саясаты мен тәрбиесіне қатысты заңдар мен зерттеулер, олардың жан-жақты
даму мүмкіндіктерінің ескерілуіне шолулар жасалды. Осыларды басшылыққа ала отырып,
қазақстандық жастар тәрбиесін қайта қарап, құндылықтарға негіздеп қайта ұсынудың жүйесі
түзіліп, құндылықтардың құнсыздануы, өзгеруі жастар тәрбиесінің оң нәтижесін көрсетпеуі
талданып, кестеге түсірілді. Бұрын зерттеулерде қарастырылмаған тәрбиеге ықпалды
құндылықтардың өзгеруіне қатысты құнды талдауларды көруге болады.
Қаңтардағы оқиғаға қатысты және қазақстандық патриотизмге көзқарастарын анықтау
үшін студент-жастардың пікірілері мен тұжырымды ойлары сауалнама арқылы жинақталып,
талданды, нәтижесі кестеге түсірілген. Сауалнама жауаптарын өңдеу және талдау барысында
жастардың өз-өздеріне сыни көзбен қарап, жастар тәрбиесін жанашырлықпен қайта қарау керек
деген тұжырым жасалған.
Мақала барысындағы талдаулар мен зерттеулерді шолу, зерделеу арқылы автор көптеген
ұсыныстар жасап, қорытынды жасаған.
Түйін сөздер: жастар тәрбиесі, жастар саясаты, қазақстандық патриотизм, қазақстандық
мәдениет, құндылықтар, құндылық бағдар, құндылықтардың өзгеруі.