Заңтану бойынша білім беру бағдарламаларын салыстыру және заңгерлерді даярлауда инновациялық технологияларды қолдану: Қазақстан мен Ресейдің тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.09Аннотация
Заманауи университеттердің маңызды ерекшелігі білім беруді жақсартып, білікті мамандарды даярлаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету болып табылады, бұл өз кезегінде білім беру
бағдарламаларын жетілдіруді және оқу процесінде инновациялық технологияларды кеңінен
қолдануды талап етеді. Қазіргі таңда білім берудің жоғары сапасын анықтау факторына
инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқу процесін тиімді жүзеге асыру жатады.
Мақалада Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарында заңтану бойынша заңгерлерді даярлау
тәсілдерін анықтау үшін білім беру бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасала отырып, заң
мамандықтары бойынша оқу процесі тиімділігін арттырудың мүмкіндігі ретінде инновациялық
технологиялар қарастырылды. Салыстырмалы талдау критерийі ретінде жоғары оқу орнында
міндетті білім беру бағдарламасы, пәндердің мазмұны анықталып, сонымен қатар, студенттердің
өзіндік таңдау сипатына саралау жүргізілді. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы бакалавриат
деңгейінде «Заңтану», «Құқық» білім беру бағдарламаларын қазақстандық және ресейлік оқу
орындары мысалында зерттеу. Зерттеуге сәйкес заң мамандықтары бойынша инновациялық
технологияларды қолдануға бағытталған әмбебап білім беру процесі білім бағдарламаларын
жетілдірумен қатар, мамандарды даярлаудың тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосады.
Түйін сөздер: білім беру бағдарламасы, әмбебап оқу процесі, инновациялық технологиялар,
заң саласында білім беру.