Ағылшын тілін онлайн оқыту: Қазақстан студенттері мен оқытушыларының дауыстары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.012
        90 110

Аннотация

Аталған зерттеудің мақсаты – Қазақстандық университеттерде онлайн форматында
оқу мен оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктерін жақсырақ түсініп, оқытушылар мен
білімгерлердің ағылшын тілін онлайн меңгеруге/оқытуға деген жалпы көзқарастарын анықтау.
Сауалнамаға қатысқан 100 білімгер пен 30 оқытушының жауаптары олардың ағылшын
тілін күндізгі оқытудан онлайн форматына кенеттен көшу кезіндегі білім сапасына деген
көзқарастарын көрсетеді. Өткізілген зерттеу нәтижесінде білімгерлердің білім сапасымен
қанағаттануы мен оқытушылардың ағылшын тілі сабақтарын онлайн форматта өткізуге
дайындық деңгейі арасындағы статистикалық маңызды байланыс анықталды. Деректерді
жинау үшін WhatsApp және Telegram секілді әлеуметтік желілер арқылы таратылған онлайн
сауалнама (Google forms) қолданылды. Қатысушыларға ашық, жабық және желілік сұрақтардан
тұратын онлайн сауалнамаға (Google forms) жауап беру ұсынылды. Сауалнамаға жоғары оқу
орындарының оқытушылары мен білімгерлері қатысты. Сауалнамаға сәйкес, оқытушылар мен
білімгерлердің ағылшын тілін онлайн режимінде оқуға деген көзқарастары көбіне оң. Осылайша,
сауалнама нәтижелері онлайн сабақтардың сапасын жақсартуға айтарлықтай септігін тигізеді.
Бұл зерттеудің нәтижелері жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ ағылшын тілін
онлайн форматында өткізуге қызығушылық танытқандарға пайдалы болады.
Түйін сөздер: онлайн оқу/оқыту, жоғары білім, пандемия, сауалнама, сұрақ-жауап, онлайн
білім беру платформалары.

Жүктелулер

Как цитировать

Abzalbekkyzy, A. (2022). Ағылшын тілін онлайн оқыту: Қазақстан студенттері мен оқытушыларының дауыстары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 71(2), 135–142. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.012

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру