Мектеп географиясын оқытуда оқушылардың білімін критериалды бағалаудың әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.09Аннотация
Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты екенін білеміз. Оқушының дәстүрлі оқыту кезінде алған білімі жатқа есте қалады, бір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ мәні бойынша оқушылар өмірде тиімді пайдаланбайды. Ал қазіргі заманғы дамыған қоғамда азаматқа тек білім жеткіліксіз, алған білімін күнделікті өмірлік жағдайда тиімді қолдана білу маңызды. Сондықтан қазіргі кезде оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлауы мен шығармашылығын арттыруға басымдық берілуде. Сондықтан критериалды бағалау жүйесін енгізудің басты мақсаты: мектепте оқыту сапасын арттыру. Бұл мақалада қазақстандық білім беру жүйесіне критериалды бағалау жүйесін енгізу және LearningApps.org онлайн – сервистің көмегімен құрылатын география сабақтарында дидактикалық материалдарды жасау және қолдану ерекшеліктері қарастырылған және осы сайттың көмегімен география сабақтарында ақпараттық технологиялар құралдарын қолданудың және оқытудың тиімділігін талдаудың жеке практикалық тәжірибесі ұсынылды. LearningApps.org интерактивті модулін зерттеудің мақсаты бұл оқу процесі барысында қазіргі әлемнің ақпараттық ортасында оқушылардың жеке шығармашылық дағдыларын дамыту. LearningApps.org онлайн – сервисінің қолданысының оқытуда нәтижелігін көру мақсатында 7-10 сынып оқушыларына тәжірибе жүргізіліп, сауалнама алынды. Тәжірибе нәтижесінде LearningApps.org онлайн – сервистін география сабақтарында пайдалану кезінде оқушыларда сабақтың әртүрлі кезеңдерінде білім сапасының жоғарылауы байқалды.
Түйін сөздер: білім беру, жаңартылған оқу бағдарламасы, критериалды бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау, география, ақпараттық технология, LearningApps.org қосымша сервисі.