Болашақ әлеуметтік педагогтарды жасөспірімдердің виктимдік мінез-құлыққа бейімділігінің алдын алуға даярлау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.04
        178 400

Аннотация

Мақалада болашақ әлеуметтік педагогтарға жасөспірімдердің виктимдік мінез-құлыққа бейімділігінің себеп-салдарлары, жалпы осы көріністің сипаты мен ғылыми бағыттың шығу тарихы жөнінде шолу жасалады. Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеті – баланы, жасөспірімді әлеуметтік тұрғыдан қорғау, оған әлеуметтік, психологиялық немесе медициналық көмек көрсету, білім алуын ұйымдастыру, сондай-ақ, қоғамдағы ақталуы (реабилитация) мен бейімделуін қамтамасыз ету мәселесін қарастырады. Жалпы, әлеуметтік педагогиканың қоғамдық мәні – қиын, қайғылы жағдайларға душар болған отбасына, балаларға көмек көрсету; оларға өмірден өз орнын табуға, өз мүмкіндіктері мен қабілет-ынтасы негізінде дамуына жәрдем ету десек, виктимділік құбылысы – проблемаға тереңдеп, жәбірленуші тұлғаның психологиясын түсінуге, алдын алуды айқындап береді. Сонымен бірге, бұл міндеттерді шешу үшін әлеуметтік педагог баланы зерттейді, оның жағдайын, тығырыққа тірелу деңгейін анықтайды және одан шығу жолдарын іздестіреді, жоспарлайды. Қиын жағдайға тап болған баланы демеу, мұндай жағдайда оны рухани тұрғыдан қолдап, өзіне деген сенімін ояту, өз күшіне сендіру, алдағы уақытта бәрі де жақсы болатындығына сенімін күшейту қажеттілігіне тоқталады. Авторлар, сонымен бірге, виктимологияның ғылыми сала ретіндегі терминологиялық мәселелеріне тоқталып, оларды зерттеп, негіздеп түсіндіруге талпынады.

Түйін сөздер: әлеуметтік-педагогикалық виктимология, виктимділік,     виктимдік мінез-құлық, «қиын жасөспірімдер».

Жүктелулер

Как цитировать

Murzagulova, M., Atemova, K., Suleimenova, L., Arynova, N., & Batyrbaeva, B. (2022). Болашақ әлеуметтік педагогтарды жасөспірімдердің виктимдік мінез-құлыққа бейімділігінің алдын алуға даярлау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 72(3), 43–52. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.04

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер