Балабақша тәрбиесінің өзін-өзі бағалауының арт-педагогикасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.08Аннотация
Балабақшадағы тәрбиеші бір мезетте әрі педагог, әрі шабыттандырушы болып табылады.
Өзін-өзі бағалау теңгерімімен байланысты тұрақтылық оның жеке тұлғалық және кәсіби
тиімділігінің шарты болып саналады. Зерттеудің мақсаты – инновациялық оқыту тәжірибесін
жалпылау, талдау және маңызды тұлғалық құрылымға – сенімділік негізі ретінде балабақша тәрбиешісінің өзін-өзі табысты бағалауына өзара әрекеттестік пен тұлғалық және кәсіби тұрғыдан
назар аудару. Мақалада артпедагогика құралдары арқылы балабақша тәрбиешілерінің өзін -өзі
бағалауының практикалық мүмкіндіктері қарастырылған. Тұлғаны жетістікке мотивациялауды
өнер арқылы ынталандыруға және өзгертуге болады. Артпедагогика білім берудің және
тәрбиелеудің конвенционалдық әдістерінен олардың субъектілерінің тікелей шығармашылық
өзара әрекеттестігін ұсынуымен ерекшеленеді.
Артпедагогикасының технологиялық ерекшелігі жұмыс үдерісінде өзін-өзі көрсету
мен ынталандырудың стандартты емес тәсілдері ретіндегі ойын әдістері мен импровизация
болып табылады. Мақалада «Рухани интеллект коэффиценті», «Менің сантүрлі есімім» және
т.б жаттығулар түріндегі артәдістер ашылады.Рухани интеллектінің болуы шығармашылық ісәрекетті, икемділікті және ережелерді өзгерте алу қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Ол
жанашырлық қабілеті мен моральдық код, өзгерістерді бағалау қабілеті және өзгеру көңілкүйіне, ақыл мен сезім арасындағы диалогқа ықпал етеді
Түйін сөздер: артпедагогика, өзін-өзі бағалау, тәрбиеші, балабақша.