Техникалық мамандықтар студенттеріне қытай тілі иероглифтерін оқыту мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.011
        153 94

Аннотация

Берілген мақалада бүгінгі заман талабына сәйкес қытай тілін оқыту өзектілігі жайлы мәлімделеді. Себебі қазіргі таңда Қытай тілін үйренушілер саны күн сайын арта түсуде, ол аталмыш елдің экономикалық және саяси жағдайының тұрақтылығының көрсеткіші. Дегенмен, қытай тілін оқыту әдістемесі тікелей қытайтанушы, аудармашы және тіл мамандарының сұраныстарын қанағаттандыру фокусынан қарастырылып келеді, ал тілді жекелеген мамандықтар бойынша немесе тілдік емес мамандықтар бойынша оқыту әдістемесі зерттеуді талап етеді. Сондықтан аталған мақала шеңберінде техникалық мамандықтар студенттеріне қытай тілінің иероглифтерін үйрету аспектісі қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты қытай тілі иероглифтерінің шеттілдік білім беру аясында сөйлеу әрекетінің түрлері – жазылыммен жұмыс барысында кешенді, әрі тиімді үйретудің жолдарын анықтау болып табылады. Жазылуы таңбалардан құралған қытай иероглифтерінің жасалу түрлері, құрылу жолдары, жазылу реттілігін игерту ерекшеліктері мақалада қамтылған. Практикалық сабақ барысында қытай иероглифтерін түсінуге бағытталған әдістер және меңгеруге қатысты орындалатын рецептивті, репродуктивті және продуктивті жаттығу түрлері келтірілген. Сонымен қатар, маңыздылығы жоғары қытай иероглифтерін неғұрлым жылдам есте сақтау тәсілдері сауалнама тәсілі арқылы анықталған. Осылайша, аталмыш мақала өнімді нәтижеге жету мақсатында техникалық мамандықтар студенттеріне қытай тілі иероглифтерін үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін айқындауға бағытталған.

Түйін сөздер: Техникалық мамандықтар, қытай тілі, қытай иероглифтері, оқыту әдістері, оқыту мәселелері, сөйлеу әрекеті түрі – жазылым.

Жүктелулер

Как цитировать

Seitova, G. (2022). Техникалық мамандықтар студенттеріне қытай тілі иероглифтерін оқыту мәселелері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 72(3), 121–129. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.011

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы