Педагогикалық кәсіби құзіреттілік: оқушылардың креaтивтілігін дамытудың негізгі мәні
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.015Аннотация
Мақалада кәсіби білім беруде білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға
бағытталған құзыретті маманның қызметін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Қазіргі көптілді
білім беру жүйесінде шет тілін оқытуға, білім алушылардың қызығушылығын арттыруға және
тілді оқытуды ынталандыруға маңызды мән беріледі. Шығармашылықты дамытатын оқытудың
белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға қолайлы оқу ортасын
құруға болады. Авторлар құзыреттілік, шығармашылық ұғымдарын талдап, мұғалімдердің
оқытудың инновациялық және креативті әдістерін қолдануы туралы сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға 100 респондент қатысты: мектеп мұғалімдері, бітіруші курс студенттері, білім
беру орталықтарының мұғалімдері. Респонденттердің 77%-дан астамы шет тілдерін оқытуда
шығармашылық тәсілді қолдану керек, 86,3%-дан астамы шет тілдерін оқытудың тиімділігін
арттыру және шығармашылықты дамыту үшін сыни ойлау әдістерін қолдану қажет деп есептейді.
Шет тілдерін оқыту үшін респонденттердің 86%-ы шығармашылық орта құру қажет деп
санайды. Респонденттер нақты әдістердің ішіндегі ең пайдалы әдістерді атады: 73,3% -ы «сурет
галереясын» таңдады, оның 57,8%-ы «сапа сызығын» және 53,3%-ы «ақыл-ой карта» нұсқасын
белгіледі. Сауалнаманың соңғы бөлігінде мұғалімдердің сыни ойлау әдістерін қаншалықты
қолданатыны туралы ақпарат алудың бірнеше әдісі ұсынылды.
Түйін сөздер: оқу үдерісі, шығармашылық қабілеттерді дамыту, шығармашылық, құзыреттілік,
оқушылар.