Мектеп математика курсында тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістерін қолдану
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.012Аннотация
Мақалада мектептегі математика курсындағы тригонометрия бөлімінің бағдарламасы
және тригонометрияны өмірде қолдану туралы айтылады. Кіріспеде тригонометриялық
теңдеулердің анықтамасы берілген және теңдеу шешімдерінің түрлері ұсынылған. Мысалдарда
тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері көрсетілген. Қарапайым тригонометриялық
теңдеулерді шешу жолдары және оларды өз бетінше шешу мүмкіндіктері қарастырылған.
Мектептегі математика курсында іс жүзінде аз қолданылатын теңдеулерді шешу әдістері бөлек
атап өтілді. Зерттеу нәтижелері бойынша тригонометриялық теңдеулерді шешудің онға жуық әдісі
анықталды. Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістерінің мәнін ашу мақсатында әр әдіс үшін
есептер қарастырылып, осы есептерді шығару жолдары көрсетілген. Сонымен қатар мақалада
білім алушылардың тригонометриялық теңдеулерді шешудегі қиындықтары және осы есептерді
шешуде А.Г. Мордкович ұсынған әдістер туралы айтылды. Қорытынды бөлімде мұғалімдердің
әдістемелік тәжірибесінің нәтижелері жинақталды, онда білім алушылар «тригонометриялық
теңдеулерді шешу әдістері» тақырыбындағы бірқатар есептерді шешуге машықтанды және
мұғалімдер оқушылардың теңдеуді шешуге болатын қабілеттерін анықтады. Алдағы уақытта
«Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер» тақырыбында нақты әдістемелік құрал шығару
жоспарлануда.
Түйін сөздер: тригонометриялық теңдеу, әдістеме, теңдеуді шешу, әдістер.