Қоғамдық сананы қалыптастырудың әдісі ретіндегі публицистика стиліндегі шет тіліндегі мәтінді лингвистикалық-стильдік талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.017
        110 132

Аннотация

Мақалада шексіз ақпараттық кеңістік әлеміндегі заманауи үрдістерге байланысты
қарастырылатын тақырыптың өзектілігі көрсетілген. Авторлар Қазақстан Республикасының
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарында көрсетілген талаптарға сүйене отырып, студенттердің қоғамдық санасын
қалыптастыру қажет деп есептейді. Осыған байланысты шет тілінде алынған ақпаратқа
мұқият болу керек, сонымен қатар студенттерді бұқаралық ақпарат құралдарындағы түрлі
ақпаратқа аналитикалық және сыни көзқараспен қарауға үйрету маңызды. Қоғамдық
сананы қалыптастырудың маңызды әдістерінің бірі ретінде публицистика стилінің мәтінін
лингвистикалық-стильдік талдау әдісі қарастырылған, оның тиімділігін көрсету – мақала
авторларының мақсаты. Бұл мақсатқа жету үшін мына міндеттер шешілді: ғылыми-педагогикалық
және әдістемелік әдебиеттерді талдау, публицистикалық стил мәтінін лингвистикалық-стильдік
талдауда іс-әрекеттің тиімді алгоритмін анықтау, дағдылардың көрсеткіштері мен деңгейлерін
дамыту, мәтінді талдау. Авторлар зерттеудің жаңашылдығын ерекше атап өтеді, ол – шет
тіліндегі мәтінді лингвистикалық-стильдік талдау әдісінің студенттердің қоғамдық санасының
қалыптасуына әсері мәселелерінің алғаш рет қамтылуы. Осы мақала аясында мәтіннің
коммуникативтік және құрылымдық-логикалық талдаулары жан-жақты сипатталған. Сондай-ақ
авторлар публицистикалық стиль мәтіндерінің тілдік ерекшеліктерін лексика, морфология және
синтаксис деңгейінде қарастырады. Мәтінді дұрыс қабылдаудың ең жоғарғы деңгейі – эссе
жазу, ауызша шолу түрінде түсіндіру. «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттерімен
жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс оң нәтиже берді. Авторлар теориялық және
эмпирикалық зерттеу әдістері: ғылыми, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді
талдау, жүйелеу және жалпылау, сұрақ қою, тестілеу, әңгімелесу, экспериментті қолданды.
Түйін сөздер: бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық сана, мәтін, публицистикалық стиль,
лингвистикалық-стильдік талдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Uskenbayeva, S., & Zhumakhanova, A. (2023). Қоғамдық сананы қалыптастырудың әдісі ретіндегі публицистика стиліндегі шет тіліндегі мәтінді лингвистикалық-стильдік талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 74(1), 173–184. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.017