Қазақстанда мектептерді жан басына қаржыландырудың арнайы білім беру қажеттілігі бар оқушылардың оқытуына бастапқы әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.010Аннотация
Бұл мақалада Қазақстандағы мектепті жан басына шаққандағы қаржыландырудың (ЖБҚ)
ерекше қажеттіліктері (ЕҚ) бар оқушылардың оқуын жақсартуға әсері қарастырылады. Мақалада
халықаралық деңгейде инклюзивті білім беруді қаржыландыру үлгілері бойынша әдебиеттерге
кең шолу және осы контексте Қазақстанның тәжірибесі берілген. Мақаладағы деректер Қазақстан
өңірлеріндегі қалалық жалпы білім беретін мектептердің 500-ге жуық директоры арасында
жүргізілген сауалнама нәтижесінде алынды.
Мақала үш зерттеу сұрағына жауап береді. Біріншіден, қалалық мектептер ЕҚ бар
оқушылардың болуы жағынан қалай ерекшеленеді? Екіншіден, ЕҚ бар балалар оқитын қалалық
мектептер осы оқушылар тобына қатысты қалай ерекшеленеді және олар алатын қаржыландыру
түрі бойынша ажыратыла ма? Үшіншіден, ЖБҚ алатын мектептер осы қаржыландыру моделінің
ЕҚ бар балалардың білімін жақсартуға әсерін қалай бағалайды?
Бұл зерттеу ЕҚ бар оқушыларды мектепке қабылдауды анықтайтын факторлар қабылдау
емтихандары, оқыту тілі, ЕҚ бар оқушыларға арналған мектеп саясатының болуы және ЕҚ
бар балалармен жұмыс істеу үшін қосымша жалданатын қызметкерлер екені анықталды.
Сонымен қатар зерттеу ЖБҚ мектептерінде ЕҚ бар балалардың ЖБҚ алмайтын мектептермен
салыстырғанда негізгі сыныптарға бару ықтималдығы екі есе жоғары екенін көрсетеді. ЕҚ бар
балаларды үйде оқытатын мектептерде негізгі сыныптарға қосу ықтималдығы аз. Ары қарай
зерттеулерде мектептердің ЕҚ бар балаларды үйде оқытуда қандай да бір рөл атқаратынын
анықтау керек.
Бұл зерттеу Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытуды қамтамасыз ету үшін жан басына
шаққандағы қаржыландырудың тиімділігінің маңызды негізін мұғалімдердің кәсіби әлеуеті,
мектеп инфрақұрылымының сапасы және мектеп директорларының шешім қабылдау еркіндігі
қалыптастыратынын көрсетеді.
Түйін сөздер: жан басына қаржыландыру, ресурстық қаржыландыру, нәтижеге негізделген
қаржыландыру, мектепті қаржыландыру, ерекше қажеттіліктері бар оқушылар, инклюзивті білім
беру, саясатты талдау.