Болашақ әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік -құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру

Авторлар

  • L. Suleimenova Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Қазақстан,Астана қ.
  • S. Zhiyenbayeva Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан,Астана қ.
  • M. Murzagulova Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Қазақстан,Астана қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.03
        273 184

Аннотация

Елімізде  қоғамдық өмірдің барлық салаларын өзгертудің күрделі де қайшылықты процестері  маманның кәсіби құзыреттілік  сапасына ерекше талаптар қойып отыр. Мақалада әлеуметтік педагогтардың кәсіби-құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру міндеттерімен байланысты теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу барысы талданады. Зерттеудің мақсатына сай  әлемде, қоғамда  болып жатқан өзгерістер бағытына сай,   әлеуметтік педагогтың кәсіптік  құқықтық құзыреттілігін арттырудың   негізгі бағыттары мен  әлеуметтік педагогтың  кәсіби біліктілігіне талдаулар жасалады.

 Қызметтік міндеттер тізбесін қамтитын әлеуметтік педагогтың біліктілік сипаттамасында балаға әлеуметтік педагог көрсететін көмектің негізгі түрлері айқындалған, онда жасөспірім мен баланың құқықтарын сақтауға, балалардың әртүрлі санаттарының құқықтық кепілдіктерін іске асыруға көмектесуге, өскелең ұрпақты құқықтық тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік-құқықтық құзыреттілік зерделенді. Осы қызмет түрлерін тиімді жүзеге асыру үшін әлеуметтік педагог  Бала құқықтары саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі, оларды кәсіби қызметте қолдана алуы, балаға және оның отбасына көмек көрсететін білім беру мекемелері қызметінің әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық негіздерін білуде әлеуметтік педагогтардың құқықтық құзыреттілігін қалыптастырудың  негіздері қарастырылады; оны іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар сипатталады. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 47 бакалавриат студенттері қатысқан эксперименттік зерттеу жүргізілді. Қалыптастырушы эксперимент әлеуметтік-құқықтық құзіреттілікті дамытудың 4 кезеңін (ақпараттық-танымдық, құндылық-бағдарлық, реттеуші және коммуникативті кезең) қамтыды. Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-құқықтық құзыреттілігінің өзгеру динамикасы көрсетілген.

Түйін сөздер: әлеуметтік педагог, әлеуметтік- құқықтық құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Suleimenova , L., Zhiyenbayeva , . S., & Murzagulova, M. (2023). Болашақ әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік -құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 77(4), 27–39. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v77.i4.03

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер