Сандық технологияларды қолдану арқылы кәсіби-негізделетін құзыреттілікті қалыптастыру әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.05Аннотация
Бұл ғылыми мақала сандық технологияларды қолдану арқылы кәсіби-негізделетін
құзіреттілікті қалыптастыру әдістемесін зерттеуге және әзірлеуге арналған. Мақаланың мақсаты
– сандық технологияларды пайдалана отырып, болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби-
негізделетін құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және оның тиімділігін тексеру.
Мақаланың ғылыми және тәжірибелік маңызы зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындары мен
мектеп мұғалімдерінің тәжірибелік жұмыстарында, педагогикалық кадрларды даярлау және
олардың біліктілігін арттыру жүйесінде пайдалануға болатынында. Жұмыстың мақсатына жету
үшін теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды. Зерттеу тақырыбы бойынша жергілікті
және шетел әдебиеттеріне талдау жасалды. Сандық технологияларды қолдану арқылы кәсіби-
негізделетін құзіреттілікті қалыптастыру әдістемесі әзірленді және оның тиімділігі тексерілді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа I.Жансүгіров атындағы Жетiсу университетінің 106 студенті
қатысты. Ғылыми мақаланың нәтижелері сандық технологияларды қолдану арқылы әзірленген
әдістемені қолдана отырып, кәсіби-негізделетін құзыреттілік сәтті қалыптасатынын көрсетеді.
Зерттеудің құндылығы әзірленген сандық технологияларды қолдану арқылы кәсіби-негізделетін
құзіреттілікті қалыптастыру әдістемесін кәсіби-негізделген пәндерді оқыту барысында
пайдалануға болатынында. Жұмыс нәтижелерінің тәжірибелік маңызы зерттеу нәтижелерін
жоғары оқу орындарында және мамандарды кәсіби даярлауда пайдалана алу мүмкіндігінде.
Түйін сөздер: кәсіби құзыреттілік, кәсіби-негізделетін құзыреттілік, сандық технологиялар,
сандық білім беру платформалары, сандық контент.