Әлеуметтік педагогтың ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізетін психологиялық сүйемелдеу жұмыс бағдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v76.i3.07
        221 232

Аннотация

Мақалада мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларын психологиялық сүйемелдеу бағытында әлеуметтік педагогтың жұмысы ұсынылған. Мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қолайлы психологиялық ахуалын барынша іске асыруға бағытталған интегративті технологиялар оларды психологиялық тұрғыда қолдау мен сүйемелдеу жұмысына бағытталады. Мақалада мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық сүйемелдеу тәжірибесі сипатталған. Мақалада осы мәселемен айналысқан жетекші ғалымдардың ғылыми еңбектері көрсетілген. Психологиялық сүйемелдеу бағытын әзірлеу мен қамтамасыз етуде педагогтардың, психологтың, әлеуметтік педагогтың, мектеп медицина қызметкерінің және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының өзара ынтымақтастық жолдары қаралды. Аталған мәселелердің негізінде психологиялық сүйемелдеудің жаңа әдістері мен интернет ресурстары пайдаланылған және тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағдарламасы құрылды. Кедергі келтіретін проблемаларды жоюға ықпал еткен іс-шаралар өткізілді және сындарлы қарым-қатынастарды құруда психологиялық климатты жақсарту динамикасы ұсынылды. Сонымен қатар, мақала мазмұнында мүмкіндігі шектеулі  балалармен жұмыс жасайтын мамандардың жеткіліксіз болғаны, жаңа білімнің қыр-сырын ұғыну, түсіну қиын болғанымен, қазіргі таңда арнайы мамандар-логопед, дефектолог, олигофренопедагог, әлеуметтік педагог, психолог мамандар қайта даярлаудан өтіп, сонымен бірге пән мұғаклімдері қайта даярлау курстарынан өтіп инклюзивтік білім беру бойынша жұмыс жүйесі түзеліп келетіні сипатталған.

Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі балалар, ерекше білім беруді қажет ететін балалар, психологиялық сүйемелдеу.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Alchymbayeva, A., Algozhayeva, N., & Samanova, D. (2023). Әлеуметтік педагогтың ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізетін психологиялық сүйемелдеу жұмыс бағдары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 76(3), 82–92. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v76.i3.07