Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттерін модельдеу және қалыптастыру

Авторлар

  • Ж. Махамбетова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.
  • Қ. Молдасан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.
  • C. Рамазанова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20247801011
        153 60

Аннотация

Мақалада   инклюзивті білім беру жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұнды моделі сипатталған. Ұсынылған модель Қазақстан  Республикасында, Литвада және Германияда инклюзивті білім беру жағдайында  әлеуметтік педагогтарды  кәсіпке даярлауды салыстырмалы талдау негізінде әзірленді, инклюзивті білім беру жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың жұмысқа кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың  мәнін білуге көмектеседі. Модель компонент ретінде болашақ әлеуметтік педагогтардың  инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге кәсіби құзыреттерін қалыптастыру процесін жобалаудың негізіне кірді. Әзірленген модельдер негізінде болашақ әлеуметтік педагогтардың инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа кәсіби құзыреттерін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс ұйымдастырылды.

Экспериментке әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен (34 студент) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен (34 студент) "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" білім беру бағдарламасы бакалавриатының 68 студенті қатысты.

Эксперименттік зерттеудің нәтижесі әлеуметтік және коммуникативтік құзыреттер, ұйымдастырушылық құзыреттер, жүйелік құзыреттер, арнайы құзыреттері, даму және оқыту саласындағы құзыреттер сияқты инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге қажетті  болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың жоғары деңгейі болып табылады.

Түйін сөздер: болашақ әлеуметтік педагогтар, инклюзивті білім беру, кәсіби құзыреттер, құрылымдық-мазмұндық модель.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Махамбетова, Ж., Молдасан, К. ., & Рамазанова, С. (2024). Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзыреттерін модельдеу және қалыптастыру . ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 78(1), 129–139. https://doi.org/10.26577/JES20247801011