Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру

Авторлар

  • Б. Базарбаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,Түркістан қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0002-8924-7845
  • Г. Жылысбаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,Түркістан қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9800-3896

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.13
        212 159

Аннотация

Сыни ойлау қабілетін жетілдіру заманауи білім беру процесіндегі басты талаптардың бірі болып отыр. Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында әр түрлі әдіс-тәсілдерден пайдаланады. Бұл мақала оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруда проблемалық оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың химия сабағында қандай жетістіктерге кол жеткізетінін анықтауға негізделген. Зерттеуге Түркістан қаласы, Нұртас Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп интернатының 9 сынып оқушылары қатысты. Зерттеуге химия пәнін үйренуші ретінде 49 оқушы қатысып, эксперимент және бақылау топтарына бөлінді. Зерттеу барысында автор деректерді жинауда оқушылардың алдын ала және кейінгі білімін анықтау сынақтарынан пайдаланды. Алынған тестілеу нәтижелері сапалық және сандық тұрғыдан талдаудан өтті. Тестілеу нәтижелерінен оқушылардың сыни ойлау дағдыларының деңгейлерін толықтай ашып көрсету үшін сыни ойлаудың индикаторынан пайдаланылды. Бұл зерттеу проблемалық сұрақтардың шешімін табуда оқушыларға қарапайым сұрақтар қою арқылы миға шабуылдай отырып, проблеманың негізін анықтауға тырысады. Қорытынды тестілеу нәтижелерінен оқушылардың жетістіктері едәуір жақсарғанын байқауға болады. Ойлау деңгейінің көрсеткіші бойынша тұжырымдау 78,14%, деректерді жинау бойынша 70,3%, талдау және бағалау бойынша 51,2% нәтижені көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіштер оқушылардың оқып үйренген, естіп қалыптастырған білімдеріне бағалау және талдау жұмыстарын жүргізе алатынын көрсетеді. Қалған көрсеткіштер бойынша: қорытындылау 73,14%, дәлел ұсыну 66,6%, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері 68,57% көрсеткішпен алдынғы тестілеу нәтижесінен жоғары болып отыр. Зерттеуде химия сабақтарын проблемалық оқыту технологиясының моделін дұрыс пайдалана отырып ұйымдастырудың тиімділігі анықталды.

Түйін сөздер: Проблемалық оқыту технологиясы, сыни ойлау, ойлау дағдылары, проблемалық оқыту кезеңдері.

Авторлардың биографиясы

Б. Базарбаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,Түркістан қ., Қазақстан

«М013-Химия педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының магистранты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ., Қазақстан, эл.пошта: bekzad.bazarbayev@ayu.edu.kz)

Г. Жылысбаева , Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,Түркістан қ., Қазақстан

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ., Қазақстан, эл.пошта: gulkhan.zhylysbayeva@ayu.edu.kz)

Жүктелулер

Как цитировать

Базарбаев, Б., & Жылысбаева , . Г. (2024). Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 81(4), 148–160. https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.13