Көру қабілеті бұзылған жасөспірімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.10Аннотация
Зерттелетін мәселенің өзектілігі қазіргі білім беру жағдайында көру қабілеті бұзылған жасөспірімдердің ақпарттық мәдениетін қалыптастыру мәселесі өте кең таралған.Сонымен қатар, ақпараттық кеңістікте мәдениетті қалыптастыру жолдары мен құралдарын әзірлеу қажет. Бұл мақаланың мақсаты-көру қабілеті бұзылған жасөспірімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік-теориялық негіздемесі және тәжірибелік-эксперименттік тестілеу. Зерттеудің негізгі бағыты эмпирикалық әдістерді қолдануға, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған республикалық мектептердегі оқушылар мен мұғалімдерден сауалнама жүргізуден тұратын эксперименттік жұмыс әдісіне бағытталған. Негізгі нәтижелер көру қабілеті бұзылған жасөспірімдерге білім беруді ұйымдастырудың психологиялық және педагогикалық аспектілері қарастырылды, көру қабілеті бұзылған балаларды диагностикалаудағы педагогикалық ерекшеліктер мәселесі, балалардың танымдық белсенділігін талдау және көру қабілеті нашар жасөспірімдерді көру қабілеті бұзылмаған құрдастарымен өзара әрекеттесуде бірлесіп тиімді жұмыс пен оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылды, сондай-ақ, жасөспірімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру құралдарын енгізу әдістері ұсынылды.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әлеуметтендіру әдістерін білім беру жүйесіне енгізу технологиясы анықталып, көру қабілеті бұзылған оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудағы ерекшеліктері талданды. Зерттеу нәтижелерінің практикалық мәні — оларды педагогикалық сала мамандары өз тәжірибелерінде қолдана алатыны және білім беру үдерісіне ықпалдастыру мүмкіндігі.
Түйін сөздер: инклюзия, нашар көретіндер, әлеуметтену, педагогикалық-психологиялық сипаттама, білім беру, білім беру ортасы.