Әлеуметтік педагогтерді даярлау бағдарламасына бейнелеу өнерін интеграциялаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2025853Аннотация
Мақалада әлеуметтік педагогтерді даярлаудың білім беру бағдарламасына бейнелеу өнерін интеграциялаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері қарастырылады. Болашақ әлеуметтік педагогтердің эстетикалық мәдениеті мен кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін теориялық негіздер, әдіснамалық тәсілдер мен практикалық әдістер талданады. Зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде отандық және шетелдік ғалымдардың әлеуметтік педагогтерді даярлау, шығармашылық негізінде білім беру, бейнелеу өнерін білім беру бағдарламасына интеграциялау мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектері талданады. Студенттердің эмоционалды интеллектісін, эстетикалық қабылдауын және шығармашылық ойлауын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырудағы бейнелеу өнерінің рөліне ерекше назар аудара отырып, аталған құзыреттіліктердің бастапқы және соңғы деңгейлері анықталады. Студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейлерін анықтау мақсатында төрт диагностикалық әдістемелер (ЭмИн сауалнамасы, Торренс тесті, Ю.С. Любимова ұсынған әдістер кешені (бақылау, сауалнама, интервью, т.с.с.), И.В. Липсицтің «Сіз және сізді қоршаған орта» пиктограмма әдісі) таңдалды. Экспериментке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 39 студенті қатысты. Зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімінің қалыптастырушы кезеңінде шығармашылық шеберханалар, жобалау қызметі, арт-терапия, экскурсиялар мен көрмелер негізінде әлеуметтік педагогтерді даярлаудың білім беру бағдарламасына бейнелеу өнерін интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылды. Зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімінің бақылау кезеңінде білім беру бағдарламасына бейнелеу өнерін интеграциялау мүмкіндіктерінің тиімділігі анықталып, қорытынды жасалды.
Түйін сөздер: әлеуметтік педагогтерді даярлау, бейнелеу өнері, интеграция, эмоционалды интеллект, шығармашылық ойлау.
