Ауыл мектептеріндегі ағылшын тілі мұғалімдерінің зерттеу қызметіне қатысуының мәселелерін зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.2Аннотация
Мақалада Қазақстандағы ауылдық орта мектеп ағылшын тілі (EFL) мұғалімдерінің зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде кездесетін мәселелерін анықтауға арналған зерттеу нәтижелері көрсетілген. Осы мақалада сандық әдіс, оның ішінде 81ауылдық орта мектептердің ағылшын тілі мұғалімдері толтырған Лайкерт шкаласы түріндегі сауалнама қолданылды. 81 қатысушылардың жауаптарын SPSS талдау нәтижесі бойынша ауылдық орта мектептердегі ағылшын тілі мұғалімдерінің оқыту тәжірибесі мен өнімділігін арттырудағы зерттеудің құндылығын жалпы растайтындығын көрсетеді. Дегенмен, мұғалімдер ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысудағы елеулі кедергілерді де сипаттады, оның ішінде ғылыми-зерттеу саласындағы білім мен дағдылардың жетіспеушілігі, ғылыми зерттеулерге аз уақыт қалдыратын ауыр оқу жүктемесі, осы саладағы біліктілікті арттыру үшін шектеулі дайындық пен институттық қолдау. Бұл қиындықтар әр түрлі біліктілік деңгейлері бар мұғалімдер арасында бірдей қабылданды. Бұл нәтижелер ауылдық білім беру жағдайында жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетеді. Нәтижелер ауылдық орта мектеп ағылшын тілі мұғалімдерінің ғылыми-зерттеушілік әлеуетін мақсатты оқыту бағдарламалары, тәлімгерлік бастамалар және оқу жүктемесін түзету арқылы арттыру қажеттілігін көрсетеді, осылайша олар зерттеуді педагогикалық қызметке тиімдірек енгізе алады. Авторлар өз ұсыныстарын білдірді.
Түйін сөздер: зерттеушілік құзіреттілік, мұғалімнің кәсіби дамуы, ағылшын тілі мұғалімдері, зерттеу мәселелері, зерттеумен айналысу.