Болашақ педагог-психологтардың цифрлық сауаттылығы білім беру жүйесін жетілдіру ресурсы ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258323
        144 66

Аннотация

Мақалада жоғары кәсіби даму контекстінде цифрлық сауаттылық ұғымына қатысты ғылыми көзқарастарға теориялық талдау жасалған. Білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың кеңінен енгізілуіне байланысты болашақ педагог-психолог кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша өңірлік жүйені жаңарту қажеттілігі негізделеді. Зерттеу барысында педагог-психологтардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға және білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне цифрлық білім беру технологияларын енгізуге кедергі келтіретін бірқатар мәселелер айқындалды. Зерттеуге Алматы қаласындағы педагогика және психология мамандығы бойынша білім алып жатқан 150 студент қатысты. Жоғары оқу орындары түрлі бағыттағы мамандарды дайындайды, олардың негізгі жұмыс құралдары – компьютерлер мен портативті құрылғылар. Сондықтан болашақ мамандар тек ақпараттық технологиялар саласындағы дағдылармен ғана шектелмей, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз идеяларын нақты жеткізе білуі, сондай-ақ цифрлық репутацияны қалыптастырып, оны тиімді басқара алуы тиіс. Мақалада «цифрлық мәдениет» жағдайындағы адамның мобильділігі мен бейімделу қабілеті жоғары цифрлық сауаттылықпен тығыз байланысты екендігі дәлелденеді. Ағылшын тілді авторлардың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, цифрлық сауаттылықтың құрылымы мен оның негізгі компоненттері сипатталады. Зерттеу нәтижелері цифрлық сауаттылық болашақ педагог-психологтардың табысты кәсіби қалыптасуына ықпал ететін маңызды фактор екенін көрсетеді.

Түйін сөздер: цифрлық сауаттылық, цифрлық ресурстар, цифрлық контент, цифрлық құзыреттіліктер, цифрлық дағдылар, білім беру жүйесін жетілдіру, білім беру үдерістерінің цифрлық трансформациясы, цифрлық білім беру ортасы.

Авторлардың биографиясы

Е. Әбдіжәділ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының докторанты, e-mail: a.erkenaz_96@bk.ru

Қ. Молдасан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты,  педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, е-mail: moldasank@mail.ru  

Э. Баярыстанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы , Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы , е-mail: elmira_b71@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Әбдіжәділ, Е., Молдасан, Қ., & Баярыстанова, Э. (2025). Болашақ педагог-психологтардың цифрлық сауаттылығы білім беру жүйесін жетілдіру ресурсы ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 83(2), 28–38. https://doi.org/10.26577/JES20258323

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру