GPT чатын оқү ұдерісінде қолдану
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES2024v81.i4.8Аннотация
Жасанды интеллект - қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. Жасанды интеллект біздің өміріміздің барлық салаларына енуде және осыған байланысты осы мақалада GPT чатын білім беру саласында пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты: білім беру ұдерісінде GPT чатын қолдану мүмкіндіктерін талдау. Жасанды интеллект көптеген жұмыстарда зерттелген. Бұл зерттеуде GPT чатын оқу ұдерісінде қолдану бойынша теориялық әдебиеттерге шолу жасалды және GPT чатын оқу ұдерісінде қолдану бойынша ұсыныстар берілді. Зерттеулер GPT чатын білім беру ұйымдарында студенттердің қаншалықты белсенді қолданатынын көрсетеді. Жұмыста сандық және сапалық зерттеу әдіснамалары қолданылған. Мақалада «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының бірінші және екінші курс 46 магистранттары арасында GPT чатын қолдану бойынша сауалнаманың нәтижелері берілген. Білім беруде GPT чатын пайдалану мүмкіндіктері ұсынды. Студенттер GPT чатын өз бетімен сабаққа дайындалу кезінде пайдалана алады. GPT чаты студенттерге шетел тілінде әңгімелесуге мүмкіндік береді және студенттердің тіл дайындығын бағалай алады. GPT чатын қолдану барлық төрт дағдының дамуына ықпал етеді: сөйлеу, тыңдау, жазу және оқу. GPT чатын мұғалімдер сабақ жоспарларын жасау кезінде де пайдалана алады.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, GPT чаты, білім беру.