ХХІ ғасыр білім беру жағдайында болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің жасанды интеллектіге негізделген кәсіби құзыреттілігін дамыту
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES861202610Аннотация
Мақалада Қазақстандағы білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің жасанды интеллектіге негізделген кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесіне арналған. Зерттеудің мақсаты-болашақ мұғалімдердің ЖИ-құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын әдіс-тәсілдерін және олардың тиімділігін эксперименттік тұрғыда негіздеу. Зерттеу барысында теориялық талдау, сауалнама, бақылау, сараптамалық бағалау, педагогикалық эксперимент және математикалық статистика әдістері кешенді түрде қолданылды. Зерттеу М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде және Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жүргізілді. Экспериментке «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері мен жоғары оқу орны оқушылары қатысты Жалпы зерттеуге 148 студент бақылау тобы-76 студент, эксперименттік топ-72 студент және 27 оқытушы қатысты. Қалыптастырушы кезеңде эксерпименттік топта жасанды интеллект қолдауымен ұйымдастырылған төңкерілген сынып моделі, жобалық оқыту әдісі, жасанды интеллект негізіндегі кері байланыспен микросабақ жүргізу, оқу аналитикасы және автоматтандырылған бағалау жүйелері сияқты жасанды интеллектіге негізделген педагогикалық технологиялар жүйелі түрде енгізілді. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топта ЖИ-құзыреттіліктің жоғары және жеткілікті деңгейлерінің статистикалық тұрғыдан мәнді артқанын, ал бақылау тобында айтарлықтай өзгерістердің болмағанын көрсетті. Алынған деректер жасанды интеллектіге негізделген кәсіби құзыреттіліктің өздігінен қалыптаспайтынын, оны дамыту үшін мақсатты әрі жүйелі педагогикалық ықпалдың қажет екенін дәлелдейді. Зерттеу қорытындылары болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау мазмұнын жаңғыртуға және цифрлық педагогикалық технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізуге арналған практикалық ұстанымдар әзірлеуге негіз болады.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, білім беруді цифрландыру, болашақ ағылшын тілі мұғалімі, кәсіби құзыреттілік, ЖИ-құзыреттілік, цифрлық педагогика.








