Педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері: акмеологиялық тәсіл
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.02Аннотация
Мaқaлaның мaқсaты – педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктерін, мазмұнын,
қызметін, қарым-қатынас типтерін және т.б. ашып көрсету; педагогтың кәсібилігін дамытудың
міндеттерін шешудің акмеологиялық тұрғыларын, қарым-қатынас стильдерін, педагогтың қарым-
қатынасының стратегияларын негіздеу.
Акмеологиялық жобалау өмірдің стратегиясымен, мінез-құлық немесе кәсіби қарым-
қатынасын жетілдірудің анықтамасымен байланысты жеке жұмыс үшін қолданылатыны кеңінен
ашылған. Акмеологиялық кеңес беру – бұл педагогтардың кәсіби қызметтердің қарым-қатынас
шыңына жетуге көмек көрсетеді. Қарым-қатынас жасау бірігіп жұмыс жасауды ұйымдастыруға,
жоспар құруға және оны талқылауға, оларды жүзеге асыруға көмектеседі. Адамның қарым-
қатынас жасау мақсаты артып келеді: әлем туралы білім алуы мен жеткізуі, оқу мен тәрбие,
адамдардың бірігіп әрекет етуінде олардың ақыл-парасатты іс-әрекеттерді келісіп жасауы, жеке
және іскерлік өзара қарым-қатынасты айқындау және орнатуға талдау жасалды. Акмеология –
кәсібилікті дамытудағы негізгі тәсілдемелерді (подход) оқып-зерттейтін ғылым. Ол сол сияқты,
өзін-өзі жетілдірудің табыстылығын анықтайтын факторларды, жағдайларды, механизмдерді
және тұлғаның өзін-өзі жетілдіруін кәсіби мамандығында, тұтастай алғанда, өмірінде өзін-өзі
жетілдіруінің қарым-қатынасын анықтайды. Акмеологиялық түсінікте дамудың басты мазмұны
озық прогрессивтік және гуманистік даму болуы керек (басқа емес, әсіресе, өзімшілдік), жеке
тұғаның өзін-өзі жандандыруы және өзін-өзі таныту, қарым-қатынас мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: акмеология, қарым-қатынас, құзыреттілік, педагог, мұғалімнің дамуы,
мұғалімнің дайындығы.