Әлеуметтік педагогтың балалармен тұрмыстық зорлыққа ұшырауды алдын алу жұмысының алгоритмі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.06Аннотация
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – әлемдегі және Қазақстандағы маңызды мәселелердің бірі.
Онымен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан бастап, барлық елдердің үкіметі күресу үстінде.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша көптеген елдер заңнамалық құжаттарын,
жол карталары мен стратегияларын бекіткен. Білім беру саласында балаларға қатысты зорлық-
зомбылықты, ата-аналардың балаларға қатыгездік таныту мәселелерін болдырмау немесе тоқтату
алдыңғы қатардағы маңызды міндеттерге жатады. Қазақстанда ЮНЕСКО балалар құқығын
қорғау бойынша белсенді жұмыстар атқарып келеді. Олар қазақстандық отбасы мен балалардың
жағдайын, балалардың мектептегі жағдайын талдап, нәтижелерін ұсынып жүр. Біздің мақалада
өзіміздің сауалнаманы құрастырып, оны зерттеу әдісі ретінде пайдалану – балалардың жағдайына
мейлінше жақын келуді қамтамасыз етіп отыр. Зерттеудің нәтижелері арқылы балаларға қатысты
зорлық-зомбылықтың шынайы бейнесіне тағы да куә болдық. Қарама-қайшылық балалар мен
ата-аналардың тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында түсініктерінің бір-біріне сай келмеуінде
болып тұр. Аталған мәселеге сәйкес мектептердегі әлеуметтік педагогтың қызметтік іс-әрекетінің
орны ерекше екені мәлім. Бірақ, олардың бұл мәселені шешуге байланысты құзыреттілігінің
жеткілікті деңгейі мен нақты жұмыс алгоритмі білім беру саласының назарын аудартатын сұрақ.
Түйін сөздер: тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала құқығын қорғау, әлеуметтік педагог,
алгоритм.