2019 жылы қазақстандағы оқу жетістіктерін сыртқы бағалауды талдау

Авторлар

  • R. Serikov Ұлттық тестілеу орталығы
  • A. Khamzina Ұлттық тестілеу орталығы
  • G. Zhabaeva Ұлттық тестілеу орталығы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.07
        79 67

Аннотация

Білім беру саласындағы ең маңызды мәселелердің бірі жоғары оқу орындарының білім беру
қызметтерінің сапасын бағалау болып табылатыны анық. Нарықтық қатынастарға көшумен
жоғары оқу орындарының саны өсті, бұл өңірлік және жалпыұлттық нарықта өткір бәсекелестік
күрестің пайда болуына әкелді. Білім беру мекемесінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету үшін ЖОО-лар жаңа білім беру бағдарламаларын, кәсіби практикалық дайындық
деңгейін әзірлейді және игереді, жаңа баға саясатын ұсынады, оқытуды ұйымдастыруға әртүрлі
жаңашылдықтар енгізеді, білім беру бағыттарын нақтылайды.
Бұл мақалада жоғары білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың (ОЖСБ) 2019 жылғы
нәтижелерінің көрсеткіштері қарастырылған. 2019 жылғы ОЖСБ нәтижелері бойынша бағыттар
және пәндер кескініндегі статистикалық мәліметтер көрсетілген. «Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар» және «Шет тілі (ағылшын)» пәндері бойынша салыстырмалы талдау, бағыттар
кескініндегі орташа балл бойынша статистикасы көрсетілген. ОЖСБ нәтижесінде ЖОО-лар
арасында мамандық бағыттары, мамандықтар, пәндер бойынша салыстырмалы талдаулар
жасау арқылы білім алушылардың білім деңгейінің озық немесе әлсіз тұстарын көруге және оқу
процесін ұйымдастыруының қаншалықты тиімді екендігін бағалауға болады. ОЖСБ мемлекеттік
мониторинг жүргізуге, соның нәтижесі арқылы еліміздегі ЖОО-лар көрсетіп отырған білім
сапасын бағалауға, рейтингті анықтауға мүмкіндік береді деуге болады. Бұл өз кезегінде ЖОО-
ларды сапалы білім беруге ынталандыратындығы сөзсіз.
Түйін сөздер: білім сапасы, білім беру сапасының мониторингі, оқу жетістіктерін сырттай
бағалау, талдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Serikov, R., Khamzina, A., & Zhabaeva, G. (2020). 2019 жылы қазақстандағы оқу жетістіктерін сыртқы бағалауды талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 63(2), 64–71. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.07

Шығарылым

Бөлім

Білім беруді өлшеу және бағалау: отандық және шетелдік тәжірибе