Ағылшын тілін оқытудағы силлабус түрлеріне сипаттама
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.11Аннотация
Ағылшын тілін меңгеру – жалпы білім беретін мектепте, арнайы және жоғары оқу
орындарында әр адамның жеке қызығушылығымен қатар, мемлекет талабы мен әлеуметтік-
саяси қажеттілік. Тіл меңгерудің ажырамас бөлігі – оқу бағдарламасы. Отандық білім беру
жүйесінде оқу бағдарламасы білім беру құрылымының және оқу үдерісін ұйымдастыруда,
оны оқу-әдістемелік қамтамасыз етудегі ең шешуші және маңызды құралдардың бірі болып
табылады. Алайда, мақаланы даярлау барысында, аталмыш тақырып елімізде әлі де терең
зерттеліп, ғылыми тақырыпқа айналмағаны байқалды. Ұсынылып отырған мақалада шетел тілін,
оның ішінде ағылшын тілін оқытудағы силлабустардың түрлеріне талдау жасалды. Алдымен
силлабустың анықтамасы әлемдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, айқындалып,
оның мақсат-міндеттері қарастырылды. Еліміздегі контексте де силлабус анықтамасы берілді.
Мақаланың негізгі акценті силлабус түрлерін талдауға негізделген, сондықтан силлабустың
пайда болу тарихы мен ерекшеліктеріне тоқталып, түрлі әдістермен байланысы қамтылып, әдіс
ұғымы да қысқаша қарастырылды. Мақалада оған қоса, әр түрлі силлабустардың кемшіліктері
мен артықшылықтары ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, талқыланды. Сонымен қатар,
талдау барысында оқушыны академиялық силлабустың маңызды компоненттерімен таныстырып,
оқу бағдарламаларын салыстырып, силлабусты зерттеген ғалымдардың еңбектерінен мағлұмат
беріп, алдағы уақытта силлабус жайлы тереңірек зерттеулерге өзек болса деген мақсат болды.
Түйін сөздер: силлабус түрлері, шетел тілін оқыту, оқыту әдісі, силлабус компоненттері,
силлабустардың артықшылықтары мен кемшіліктері.