Синергетикалық әдісті биологиядан сабақ өткізуде қолдану

Авторлар

  • N. T. Tormanov Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ http://orcid.org/0000-0001-5650-0811
  • U. E. Manakbayeva Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • A. S. Bakirova Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.12
        108 79

Аннотация

Мақалада әртүрлі ғылымда, соның ішінде биологияда синергетиканы қолдану мәселесі
қарастырылады. Синергетика тұлғаның биологиялық және интеллектуалды субъект ретінде
дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Синергетика адамның әрекеттерін
реттей отырып, оның өзін-өзі ұйымдастыру қызметін түсінуіне көмектеседі. Синергетикада
қарастырылатын өзін-өзі басқару, өзін-өзі реттеу сипаттары кибернетикалық заңдар және
синергетиканың заңдары арасындағы параллельдерді анықтауды жүргізуге мүмкіндік
береді. Синергетикалық тұрғылар, оның идеялары және негізгі қағидалары тұлғаның өзін-өзі
ұйымдастыруы, өзбетінше білім алуы және тұлғалық қасиеттерінің дамуына көмектесе алады.
Синергетикалық әдістер бойынша биологиядан сабақ өткізу ондағы әдістердің әртүрлілігі,
олардың көптүрлілігімен дәстүрлі оқыту мен сабақ жүргізуден ерекшеленеді. Авторлар қазіргі
уақытта билологиядан бірнеше сабақ өткізуде синергетикалық әдістерді қолданады. Сонымен
қатар, соңғы кезде синергетиканы барша әлемдегі педагогикалық және ғылыми қауымдастықты
қызықтыратын пәнаралық ғылыми бағыт деп атауға да болады.
Мақалада синергетикалық тұрғыларды қолдану арқылы Алматы қаласындағы № 176 гим-
назияның базасында 8-сынып оқушыларымен өткізілген биолология сабақтарының инновациялық
тәжірибесі жинақталып, мысалдар келтіріледі. Сабақтардың мазмұнында жаңартылған
бағдарлама
бойынша биологияның интегративті бөлімдері қамтылған
Түйін сөздер: синергетика, педагогика, жаратылыстану, білім беру үрдісі, дәстүрлі тәсіл

Жүктелулер

Как цитировать

Tormanov, N. T., Manakbayeva, U. E., & Bakirova, A. S. (2020). Синергетикалық әдісті биологиядан сабақ өткізуде қолдану. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 63(2), 111–121. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.12

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы