Қашықтықтан оқыту жағдайында фреймдік тұрғыны пайдаланып шет тілдерін оқыту үдерісін жеделдету
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.10Аннотация
Мақалада қашықтықтан оқыту жағдайында шет тілдерін оқыту үдерісінде фреймдік тұрғыны пайдалану ерекшеліктері қарастырылады. «Фрейм» терминін анықтауға салыстырмалы сараптама жүргізіледі. Фреймдік тұрғы материалды игеруді, білімді ұйымдастыруды, оқыту мақсатына қол жеткізуді, сөйлеудің нақты ғылыми стилін қалыптастыруды, тағы басқаларды бірізділікке түсіру тұрғысынан жүзеге асырылады. Фреймдеу – бұл мазмұнды шолу нәтижесінде білімнің дидактикалық бірліктерін ірілендіру есебінен ақпаратты сығымдап берудің жоғары тиімді тәсілі. Фреймдік тұрғыны жүзеге асыру студенттердің оқу материалдарын қабылдау сапасын арттыруға және жеделдетуге сыншыл ойлауды қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Заманауи білім беру жағдайында қашықтықтан оқыту, соның ішінде шет тілдерін оқыту мақсатында компьютерлік телекоммуникациялық технологияларды пайдаланудың маңызы өте жоғары болып табылады.
«Фрейм» терминінің мағынасын айқындауға салыстырмалы сараптама жасалды. Қашықтықтан оқыту жағдайында тілдерді оқытатын ЖОО-ларда шет тілдерін оқыту үшін, пән дәрістері мен семинарларын ағылшын тілінде өткізуге арналған теориялық және практикалық материалдарды даярлау барысында фреймдік модельдеуді қолданудың артықшылықтары сарапталады. Осы тұрғыны пайдаланудың нәтижесі ретінде студенттердің оқу пәніне қызығушылығын және үлгерім нәтижелерінің артуын атауға болады. Тіл бағытындағы түрлі пәндерді қашықтықтан оқыту үдерісінде фреимдік тұрғыны қолдану оқу үдерісін айтарлықтай ширықтыруға септігін тигізеді.
Түйін сөздер: фрейм, фреймдік тұрғы, шет тілінде білім беру, қашықтықтан оқыту, слот, лексика.